Жобаның түпкі ойы
«Болашақ энергиясы» жобасының түпкі ойы тұрақты қуат көздерін басқаруды қамтамасыз ететін шешімдер мен әдістерге қоғамдастық назарын аудару болып табылады.
Кешенді бағдарлама
ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесінің мәдени-ойын-сауықтық және спорттық іс-шараларының кешенді бағдарламасы
100 НАҚТЫ ҚАДАМ
БАРШАҒА АРНАЛҒАН ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ МЕМЛЕКЕТ
ОТКРОЙ ДЛЯ СЕБЯ КАЗАХСТАН С МОБИЛЬНЫМ ПРИЛОЖЕНИЕМ «КАЗАХСТАН - СТРАНА ВЕЛИКОЙ СТЕПИ»

Жамбыл облысы әкімдігі жастар саясаты мәселелері басқармасының сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері

Жамбыл облысы әкімдігі жастар саясаты мәселелері басқармасының сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері

 

            1. Қызметі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауға жататын мекеменің атауы:

            «Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма).
            
2. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік
қағидаларының 8-тармағына сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың бағыты:

1) бөлімшенің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актірлерде және құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
            2) бөлімшенің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

3. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізетін құрылымдық бөлімше, лауазымды тұлға (лауазымды тұлғалар) немесе жұмыс тобының персоналдық құрамы туралы:Жамбыл облысы әкімдігі жастар саясаты мәселелері басқармасының қаржы және ұйымдастыру бөлімінің бас маман – заңгері Зұлпыхар Жомарт Дүйсенұлы, Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра., 8 (7262) 56-96-61.

4. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу кезеңі:     2017 жылдың 4 тоқсаны.

5. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізуге және жұмыстың нәтижесіне басшылық, үйлестіру және жауаптылық жүктелетін сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау субъектісінің лауазымды тұлғасы:

Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Мәтен Мәди Мейірбекұлы.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау бағыттары бойынша жүзеге асырылады:

1)   персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы бойынша:

2017 жылғы 7 қаңтардағы №1 бұйрыққа сәйкес, басқарманың қаржы және ұйымдастыру бөлімінің басшысы Агатаев Ербол Боратович басқа мемлекеттік лауазымға орналасуына байланысты 2017 жылдың «6» қаңтарынан бастап жұмыстан босатылған;

2017 жылғы 9 қаңтардағы №2 бұйрыққа сәйкес, басқарманың штаттан тыс қызметкер – іс-жүргізушісі Дүйсенбек Мадина Өтжанқызы өз еркімен
2017 жылдың «9» қаңтарынан бастап жұмыстан босатылған;

2017 жылғы 23 қаңтардағы №32-ө өкімге сәйкес, Мәтен Мәди Мейірбекұлы Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы (санаты – D-O-1, №038) болып 2017 жылғы
23 қаңтардан бастап тағайындалған;

2017 жылғы 27 ақпандағы №9 бұйрыққа сәйкес, Садыкова Гульбану Нуркановна басқарманың штаттан тыс қызметкер – іс-жүргізушісі болып жұмысқа қабылданған;

2017 жылғы 13 наурыздағы №12 бұрыққа сәйкес, басқарманың штаттан тыс қызметкер – статисті Султангазиева Толганай Жанибеккызын өз еркімен жұмыстан босату туралы өтініш беруіне байланысты 2017 жылдың
«13» наурызынан бастап жұмыстан босатылған;

2017 жылғы 5 маусымдағы №26 бұйрыққа сәйкес, Әмірғалиұлы Берік арнайы тексерудің нәтижелерін алған күнге дейін 2017 жылғы «5» маусымнан бастап Жамбыл облысы әкімдігі жастар саясаты мәселелері басқармасының қаржы және ұйымдастыру бөлімінің басшысы (D-O-3 санаты, №040-2-1) міндетін уақытша атқару үшін қабылданған;

2017 жылғы 4 шілдедегі №33 бұйрыққа сәйкес, басқарманың компьютерлік техника (бағдарламалар) операторы Кыдырбаев Ермек Конысбаевич өз еркімен жұмыстан босату туралы өтініш беруіне байланысты 2017 жылдың «4» шілдесінен бастап еңбек шартын бұза отырып, қызметінен босатылған;

2017 жылғы 17 шілдедегі №40 бұйрыққа сәйкес, Искалиева Сания Срымовна 2017 жылдың «17» шілдесінен бастап еңбек шарты негізінде
0,5 шартпен Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының статистигі болып жұмысқа қабылданған;

2017 жылғы 17 шілдедегі №42 бұйрыққа сәйкес, басқарманың хатшысы Садыкова Гульбану Нуркановнаның өз еркімен жұмыстан босату туралы өтініш беруіне байланысты 2017 жылдың «19» шілдесінен бастап еңбек шартын бұза отырып, қызметінен босатылған;

2017 жылғы 2 тамыздағы №46 бұйрыққа сәйкес, Маханова Эльвира Ерғалиқызы 2017 жылдың «2» тамызынан бастап Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының хатшысы қызметіне 1 ай сынақ мерзімімен жұмысқа қабылданған;

2017 жылғы 23 тамыздағы №51 бұйрыққа сәйкес, студенттік жастар және жастар ұйымдарымен жұмыс бөлімінің бас маманы Курманиязов Алмат Омирзакулы өз еркімен жұмыстан босату туралы өтініш беруіне байланысты 2017 жылдың «23» тамызынан бастап қызметінен босатылған;

2017 жылғы 29 тамыздағы №55 бұйрыққа сәйкес, Абишев Айбулат Асылбекович 2017 жылдың «29» тамызынан бастап Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының компьютерлік техника (бағдарламалар) операторы қызметіне 1 ай сынақ мерзімімен еңбек шарты негізінде жұмысқа қабылданған.

2017 жылғы 13 қазандағы №59 бұйрыққа сәйкес, Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директорының орынбасары Байкошкарова Сандугаш Апрелбековна өз еркімен жұмыстан босату туралы өтініш беруіне байланысты 2017 жылдың «13» қазанынан бастап еңбек шартын бұза отырып, қызметінен босатылды.

2017 жылғы 13 қазандағы №60 бұйрыққа сәйкес, Байкошкарова Сандугаш Апрелбековна арнайы тексерудің нәтижелерін алған күнге дейін 2017 жылғы «13» қазаннан бастап Жамбыл облысы әкімдігі жастар саясаты мәселелері басқармасының ақпараттық талдау жұмыс бөлімінің бас маманы (D-O-4 санаты, №040-4-1-1) міндетін уақытша атқару үшін қабылданды.

2017 жылғы 26 қазандағы №65 бұйрыққа сәйкес, Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының компьютерлік техника (бағдарламалар) операторы Абишев Айбулат Асылбекович өз еркімен жұмыстан босату туралы өтініш беруіне байланысты 2017 жылдың
«26» қазанынан бастап еңбек шартын бұза отырып, қызметінен босатылды.

2017 жылғы 30 қарашадағы №69 бұйрыққа сәйкес, Кыдырбаев Ермек Конысбаевич 2017 жылдың «30» қарашасынан бастап Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының компьютерлік техника (бағдарламалар) операторы қызметіне еңбек шарты негізінде жұмысқа қабылданды.

Яғни, есептік кезеңге дейін жұмыстан босатылғандар саны: 8 адам, оның ішінде 2-уі әкімшілік мемлекеттік қызметші, 5-уі шаттан тыс қызметкер, 1-азаматтық қызметші.

Ал, есептік кезеңде жұмысқа қабылданған не тағайындалғандар саны: 8 адам, оның ішінде 3-уі әкімшілік мемлекеттік қызметші, 5-уі шаттан тыс қызметкер.

Кадрлардың ауысуы бойынша сыбайлас жемқорлық көріністері орын алмаған.

2) мүдделер қақтығысын реттеу бойынша: есептік кезеңде мүдделер қақтығысын тудыратын жағдайлар орын алмаған және мүдделер қақтығысын алдын алу мақсатында 2017 жылғы 13 қарашада басқарма басшысының төрағалығымен кеңес отырысы өткізіліп, кеңес отырысында 2017 жылғы
9 қарашадағы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің №10715 хатымен жолданған Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының қызметіне жасалған сыртқы талдау жұмыстары туралы ақпараты кеңес отырысы қатысушыларына таныстырылды.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 15-бабына сәйкес, жауапты мемлекеттік лауазымды атқарған адамдарға, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттілік берілген адамдарға, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттілік берілген адамдарға теңестірілген адамдарға, лауазымды адамдарға, егер мүдделер қақтығысы орын алған болса, лауазымдық міндеттерін жүзеге асыруға тыйым салынатындығы ескертілді.

Жоғарыда аталған адамдар тікелей басшысына не өздері жұмыс істейтін ұйымның басшылығына туындаған мүдделер қақтығысы туралы немесе оның туындауы мүмкіндігі туралы, өздеріне бұл жөнінде мәлім болысымен жазбаша нысанда хабарлауға міндетті екендігі ескертілді.

Мекеменің тікелей басшысы не ұйымның басшылығы жоғарыда аталған адамдардың өтініштері бойынша немесе басқа да көздерден ақпарат алған кезде мүдделер қақтығысын болғызбау және реттеу бойынша төмендегі шараларды уақтылы қабылдау қажеттілігі айтылды:

            - жоғарыда аталған адамдарды лауазымдық міндеттерін орындаудан шеттетуге және мүдделер қақтығысы туындаған немесе туындауы мүмкін мәселе бойынша лауазымдық міндеттерді орындауды басқа адамға тапсыруға;

            - лауазымдық міндеттерін өзгертуге;

- мүдделер қақтығысын жою бойынша өзге де шаралар қабылдауға міндетті.

3)   мемлекеттік қызмет көрсету бойынша: басқарманың Ережесінде көрсетілген функционалдық міндеттеріне сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету құзыреті жоқ;

4)   рұқсат беру функцияларын іске асыру бойынша: басқарманың Ережесінде көрсетілген функционалдық міндеттеріне сәйкес рұқсат беру құзыреті жоқ;

5)   бақылау функцияларын іске асыру бойынша: 2014 жылғы
24 наурыздағы «Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» облыс әкімдігінің №30 Қаулысының 16-тармағына сәйкес, Басқарма мемлекеттік жастар саясаты саласындағы нормативтік-құқықтық актілерді, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Парламентінің, облыс әкімінің тапсырмаларын, мемлекеттік бағдарламаларды, құжаттарды іске асырады және сақталуын бақылайды.

Мемлекеттік жастар саясатын іске асырудағы негізгі нормативтік құқықтық акт:

-        «Мемлекеттiк жастар саясаты туралы» Қазақстан Республикасының
2015 жылғы 9 ақпандағы № 285-V Заңы;

-        «Қазақстан 2020: болашаққа жол» Қазақстан Республикасы мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 27 ақпандағы № 191 қаулысы;

-        14 пен 29 жас аралығындағы жастарға арналған және бағытталған мемлекеттік бағдарламалар.

Басқарма аталған нормативтік-құқықтық актілердің облыста және жергілікті жерлерде іске асырылуын бақылайды және ол бойынша есеп береді.

Бақылау – жергілікті жердегі (Тараз қаласы және аудандарда) әкімдіктердің мемлекеттік жастар саясатын іске асыру деңгейіне тексерулер жүргізу, ақпараттық құжаттар сұрату, Жастар ісі жөніндегі кеңестер өткізу арқылы және 2017 жылдың 14 наурызында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыспен №1473445-ГСЗ1 көзделген көрсетілетін қызметтерді «Облыс аумағындағы мемлекеттік жастар саясатының жүзеге асу деңгейіне және NEET жастарының базасын жасауға бағытталған ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру» мемлекеттік сатып алуы аясында анкеталық сұраулар салу, талдаулар жасау, мониторгтер жүргізу арқылы іске асырылады.

Есептік кезеңде нормативтік-құқықтық актілердің сақталуына бақылау жүргізу барысында сыбайлас жемқорлық көріністері орын алмаған.

6)   бөлімшенің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер бойынша: Басқарманың негізгі қызметі облыстағы мемлекеттік жастар саясаты саласындағы заңнаманы іске асыруды қамтамасыз ету; мемлекеттік жастар саясатын іске асыру мәселелерінде жергілікті атқарушы органдарының қызметін үйлестіру; мемлекеттік жастар саясатын іске асыру саласында сектораралық өзара қатынасты (мемлекеттік құрылымдармен, азаматтық қоғам институттарымен, қоғамдастық өкілдерімен) нығайту; өңірлердегі мемлекеттік жастар саясатын ақпараттық сүйемелдеуді қамтамасыз ету; жастардың өзін-өзі ұйымдастыру және өзін-өзі дамыту процесін қамтамасыз ету; жастардың азаматтық және патриоттық тәрбиеленуіне жәрдемдесу; жоғары зияткер, білімді, шығармашыл, рухани, адамгершілік және физикалық сау – бәсекеге қабілетті жастарды тәрбиелеуге бағытталған шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру.

Сонымен қатар:

1)   бөлімшенің қызметін қозғайтын нормативтік-құқықтық актілер: «Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасы» мемлекеттік коммуналдық мекемесінің Ережесін бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2014 жылғы 27 наурыздағы №90 қаулысы (Жамбыл облысы Әділет департаментімен 2014 жылдың 28 сәуірінде Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 2196 болып енгізілген) танылады.

2014 жылғы 7 наурыздағы басқарманың №01-280 хатымен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Қазақ гуманитарлық заң университеті» АҚ-на «Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасы» мемлекеттік коммуналдық мекемесінің Ережесін бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2014 жылғы 27 наурыздағы №90 қаулы жобасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптамаға жолданған.

2014 жылғы 12 наурыздағы «Қазақ гуманитарлық заң университеті» АҚ-ның №08-01/21-01/1104 хатына сәйкес, аталған Қаулы жобасына жасалған сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама төмендегі факторларды анықтау бойынша жүргізілген:

1.   Дискрециялық өкілеттіктің кеңдігі;

2.   Өзіне тиесілі құқықты жүзеге асыру үшін тұлғаға қатысты қойылатын жоғары талаптар;

3.   Сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықтарды жасау үшін мүмкіндіктер беретін заң-лингвистикалық сыбайлас жемқорлыққа бейімділік;

4.   Әкімшілік рәсімдерді анықтау немесе тиісінше оларды реттемеу;

5.   Конкурстық (аукциондық) рәсімдердің жоқтығы немесе оларды тиісінше реттемеу;

6.   Мемлекеттік қызметшілердің (лауазымды тұлғалардың) жауапкершілігі мен құқығын, міндеттерін, функцияларын, тиісінше анықтамау;

7.   Реттеуде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасалуына мүмкіндік беретін олқылықты анықтау;

8.   Құқықтың нормаларының сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықтар үшін мүмкіншілігін жасайтын қайшылықтары

9.   «Әдейі ұсынылған» сыбайлас жемқорлыққа бейімділік.

Сараптама нәтижесі бойынша сыбайлас жемқорлыққа жол беретін фактілер анықталмаған.

2)      бөлімшеге қатысты мемлекеттік органдардың бұрын жүргізген тексеру нәтижелері:

-   Жамбыл облысы прокуратурасының 2015 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 2-07-15-15982 заңдылық бұзушылықты жою туралы ұсынысы;

-    Жамбыл облысы прокуратурасының 2016 жылғы 25 қаңтардағы
№2-07-16-00857 заңдылық бұзушылықты жою туралы ұсынысы;

-   Жамбыл облысы бойынша тексеру комиссиясының 2017 жылғы
17 қаңтардағы аудиторлық есебі;

-    Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Жамбыл облысы бойынша басқармасының 2017 жылғы 10 сәуіріндегі заңдылықтың бұзылуын жою және болдырмау туралы №2-20-17-02772 ұсынысы;

-    Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Жамбыл облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің 2017 жылғы 2 мамырдағы камералдық бақылау нәтижесі бойынша анықталған заң бұзушылықтарды қалпына келтіру туралы №332 ескертуі;

-             Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Жамбыл облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің 2017 жылғы 14 маусымдағы анықталған заң бұзушылықтарды жою жөніндегі №ІМАД-6-/1867 нұсқамасы;

-             Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Жамбыл облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің 2017 жылғы 22 қыркүйектегі аудиторлық есебі.

Аталған тексеру нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлық фактілері анықталған жоқ.

 

3)      бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар: Есептік кезең аралығында Жамбыл аудандық «Шұғыла-Радуга» газетінде «Сыбайлас жемқорлықпен күрес - баршаға ортақ іс» (№9 (5619) 28.01.2017 ж.), Жуалы аудандық «Жаңа өмір – Новая жизнь» газетінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білімгерлердің көзқарасы» (№14 (8701) 07.02.2017 ж.), «Сыбайлас жемқорлықтың пайда болуының алғы шарттарын азайту» (№31 (8718) 04.04.2017 ж.), облыстық «Арай» жастар газетінде «Жас мемлекеттік қызметшілер жайы жан-жақты талқыға түсті» (№20 (604) 25.05.2017 ж.), «Знамя труда» газетінде «Правовая помощь доступна каждому» (№101 (18414) 12.09.2017 ж.) мақалалары жарық көрген.

4)   бөлімшеге келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері: есептік кезеңде жеке және заңды тұлғалардан 173 өтініш түсті, оның ішінде
11 жеке тұлғалардан, 162 өтініш заңды тұлғалардан. Өтініштерде мерзімін бұзып жауап беру және сыбайлас жемқорлық айғақтары анықталған жоқ.

5)   прокурорлық қадағалау актiлерi: басқармаға прокурорлық қадағалау жүргізілмеген.

6)   сот актілері: есептік кезеңде басқармаға қарсы сот ісі жүргізілген жоқ.

Жамбыл облысы бойынша тексеру комиссиясының 2017 жылғы
17 қаңтардағы аудиторлық есебі қорытындысына сәйкес, облыстық «Еріктілер мектебінің жұмысын үйлестіру және жүргізу» үшін жарияланған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында 2016 жылдың 20 шілдесінде басқарма
«Ақ сұңқар» жастар қоғамдық бірлестігі,  яғни қоғамдық бірлестік Жетекшісі – Есиркепов Абзал Есеновичпен жасасқан №46 келісім шарт талаптарына сәйкес, басқарма өздерімен жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шарттар бойынша өз міндеттемелерін орындамаған не тиісінше орындамағаны үшін «Ақ сұңқар» жастар қоғамдық бірлестігін мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану үшін Жамбыл облысы бойынша мамандандырылған экономикалық сотына талап арыз берген.

2017 жылғы 20 ақпандағы № 3115-17-00-2/116 сот шешіміне сәйкес, аталған талап арыз қанағаттандырусыз қалдырылған.

«Полиграфиялық өнімдерді әзірлеу/басу бойынша полиграфиялық қызметтер (кітап, фото баспалардан  басқа)» бойынша  53 571.42 (елу үш мың бес жүз жетпіс бір теңге қырық екі тиынға) теңгеге баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен жарияланған мемлекеттік сатып алу бойынша жеке кәсіпкер «АЛИЯ»,  яғни жеке кәсіпкер басшысы – Оршибекова Алия Қабылбекқызымен
2017 жылдың 12 сәуірінде жасасқан №19 келісім шарт талаптарына сәйкес, басқарма өздерімен жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шарттар бойынша өз міндеттемелерін орындамаған не тиісінше орындамағаны үшін жеке кәсіпкер «АЛИЯ»-ны мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тануды және жеке кәсіпкер қызмет көрсетуден бас тартқаны және қызмет көрсету мерзімдерін өткізіп алғаны үшін Шарттың жалпы сомасының 0,1 пайызы мөлшерінде әр кешіктірген күндері (15 күн) үшін 461 теңге 25 тиын  (төрт жүз алпыс бір теңге жиырма бес тиын) тұрақсыздық айыбын сот шешімімен жергілікті бюджетке өндіру мақсатында Жамбыл облысы бойынша мамандандырылған экономикалық сотына талап арыз берген.

2017 жылғы 5 маусымдағы № 3115-17-00-2/735 сот шешіміне сәйкес, жеке кәсіпкер «Алия» Оршибекова Алия Қабылбекқызы мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп танылып, мемлекет пайдасына 461 (төрт жүз алпыс бір) теңге 25 (жиырма бес) тиын айыппұл және 1 148 (бір мың жүз қырық сегіз) теңге мемлекеттік баж төлеуге міндеттелді.

7) ұсынылуына Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де мәліметтер сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің ақпарат көздері болып табылады;

Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасы Ережемен белгіленген өзінің функционалдық қызметін орындауда, мемлекеттік қызметтер көрсетпейді, лицензия бермейді.

Басқармада сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша ағымдағы жылдың есептік кезеңінде профилактикалық және атқарылған
іс-шаралар ақпараты төмендегідей:

Мемлекеттік жастар саясатын іске асырудағы жергілікті атқарушы орган ретінде басқарманың бақылауымен биылғы жыл басынан бастап Тараз қаласы мен аудандық «Жастар ресурстық орталықтарының» ұйымдастыруымен жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытында жоғары және орта арнаулы оқу орындары мен мектеп оқушылары арасында «Жемқорлық - қоғамның өзекті мәселесі», «Жемқорлыққа жол жоқ!» тақырыбына 60-қа жуық кездесулер, «дөңгелек үстел» отырыстары мен жастар акциялары өткізілді.

Биылғы жылы басқарма негізгі жұмысын Мемлекет басшысының биылғы Жолдауы мен «Рухани жаңғыру» мақаласын арқау ете отырып, облыс жастарын ақпараттандыруға бағыттады.

Ақпан-наурыз айларында «Елбасы Жолдауы - жаңғырудың жаңа кезеңі» атты, ал, мамыр айында (15.05.17 – Жамбыл, 16.05.17 – Жуалы, 17.05.17 – Байзақ, 18.05.17 – Сарысу, 19.05.17 – Талас, 22.05.17 – Т.Рысқұлов, 23.05.17 – Меркі, 24.05.17 – Қордай, 25.05.17 – Шу аудандарында) облыстық прокуратурамен бірлескен «Рухани жаңғыру!» атты автокеруендері барлық аудан орталықтары мен елді-мекендерінде болып, «Кеңес беру алаңдарын» ұйымдастырды.

Кеңес беру алаңдарында жалпы 15-тен астам саланың
30-дан астам өкілдері тұрғындар мен барлық санаттағы жастарға кеңестер берді.

Автокеруен аясында 1000 жуық ақпараттық-әдістемелік материалдар (брошюралар т.с.с.) үлестіріліп таратылды, мастер-класстар өткізілді. 

Керуен құрамында болған Прокуратура мен Мемлекеттік қызмет істері департаментінің мамандары тарапынан мемлекеттік қызметке орналасу тәртібі мен қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы кері көзқарас пен құқықтық сананы қалыптастыру бағытында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Аталған 2 автокеруен жұмысына жалпы 29 жасқа дейінгі
20 мыңнан астам жастар қамтылды.

Ағымдағы жылдың 4 қаңтарында Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасы тарапынан жүргізілетін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың 2017 жылға арналған іс-шаралар жоспары бекітілген.

Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа төзімсіз көзқарас қалыптастыру мақсатында бірқатар іс-шаралар жүргізіліп келеді.

Атап айтқанда, ағымдағы жылдың 11 сәуірі күні «Парасат» және «Тараз техника және бизнес» колледждерінің студенттеріне сыбайлас жемқорлыққа төзімсіз көзқарас қалыптастыру мақсатында заң нормаларын түсіндіру семинары өткізілді. Қатысушылар саны – 30 адам.

Ағымдағы жылдың 2 маусымында Жамбыл ауданы, Жамбыл ауылдық округі, Бесжылдық ауылында басқарма басшысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөнінде ауыл тұрғындарымен және жастармен кездесуі және жеке қабылдауы өткізілді.

Шара барысында ауыл тұрғындары мен жастар Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы мен «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын» іске асыру талаптары турасында хабардар етілді.

Сонымен қатар, басқарма басшысының «Нұр Отан» партиясы филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде азаматтарды қабылдауы өткізілді. Қабылдауға 6 азаматтан әлеуметтік сала мәселелері бойынша сауалдар қойылып, оларға тұшымды жауаптар берілді.

Облыстағы үкіметтік емес жастар ұйымдарының белсенділерімен, жоғары және орта арнаулы оқу орындарының жастар ісі жөніндегі комитет жетекшілерімен, белсенді студент жастармен де тұрақты кездесулер ұйымдастырылып отырады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы қолданудың тиімділігін арттыру және оны жетілдіру бойынша арнайы мамандардың қатысуымен басқарма және облыстық «Жастар ресурстық орталығы» қызметкерлерімен де кездесулер тұрақты өткізілуде.

Мысалы, ағымдағы жылы басқарманың ұйымдастыруымен өткен «ЭКСПО-2017 - ЖАСТАРДЫҢ БОЛАШАҒЫ» атты облыстық жастар оқыту лагеріне жиналған 300-ге жуық жастарға Мемлекеттік қызмет істері департаментінің  қызметкерлері тарапынан «100 нақты қадам» Ұлт жоспары мен «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының талаптары түсіндіріліп, бағыт-бағдарлар берілді.

Басқарма тарапынан жүргізіліп жатқан аталған іс-шаралар БАҚ-да және басқарманың ump-zhambyl.kz ресми сайтында тұрақты жарияланып тұрады.

Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын іске асыру аясында басқарманың ump-zhambyl.kz ресми сайтының
«Заң» пернесі бөлімінде Қазақстан Республикасының 2015 жылғы
18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» №410-V Заңы, Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы №986 Жарлығы және «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығы орналастырылған.

Сондай-ақ, сайтта «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» деген атаумен сыбайлас жемқорлыққа қарсы арнайы бет ашылған. Аталған бетте басқарманың ағымдағы жылдың 1-жартыжылдығы жағдайы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізілген ішкі талдаудың нәтижелері және басқарма басшысының есебі орналастырылған.

Сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселесі үнемі аппараттық кеңестерде қарастырылады және басқарма басшысының тұрақты бақылауында.

Осы орайда, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментіне уақтылы есептер тапсырылып отырады.

Азаматтардың ауызша және жазбаша өтініштерін уақтылы және толық қарастырылуын қамтамасыз ету, олар бойынша шешім қабылдап, заңмен білгіленген мерзімде өтініш иесіне жауап қайтару басқарманың негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызмет саласындағы қолданыстағы заңнама нормаларын бұзу фактілері туралы хабарламаларға жедел түрде шара қолдану мақсатында басқарма басшысы азаматтарды жеке мәселелер бойынша қабылдауын жүргізеді. Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының орындалуы қатаң түрде бақыланады. Келіп түскен өтініштер бойынша заңнамамен белгіленген мерзімде түсінік беріліп, шаралар қолданылады.

Басқармада сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу мен жастар саясаты мәселелері шеңберінде азаматтардың өтініштері мен сұрақтарына тікелей жауап беретін басқарма басшысының арнайы блогы (http://blog.zhambyl.kz, ump-zhambyl.kz ресми сайтында орналасқан) мен басқарманың (45-45-99) «сенім телефоны» жұмыс істеп келеді. Басшының http://blog.zhambyl.kz блогына 3 азаматтан өтініш келіп түскен және заңнамаға сәйкес тиісті жауаптар берілген.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V Заңының 12-бабына сәйкес, басқарма басшысына қабылдауға келген басқарма қызметшілеріне және жеке тұлғалар мен заңды тұлға өкілдері үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер ескерту түрінде көрнекі жерге орналастырылған.

Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілік көзқарасты қалыптастыру мақсатында басқарманың сыбайлас жемқорлыққа қарсы бұрышы мен өтініштер үшін арнайы жәшік орнатылған.

Басқарма тарапынан мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің жыл сайынғы салық органдарына табысын жариялау бойынша декларацияларын уақтылы тапсыруы бақылауға алынған.

Басқармада сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық деңгейі мен фактілерді анықтау мақсатында тұрақты түрде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіліп отырады. Ағымдағы жылдың үш тоқсаны бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіліп, облыс әкімі аппаратына жолданған болатын.

Алдағы күндерде басқарма қызметкерлері тарапынан сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол беру фактілерінің орын алмауы үшін және мемлекеттік қызметпен сыйыспайтын шектеулерді сақтауға қызметкерлерді міндеттеу мақсатында 2017 жылғы 22 мамырдағы басқарма басшысының
№32 бұйрығына сәйкес, басқарманың сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттары (бұдан әрі – Стандарт) бекітілген. Аталған Стандартпен басқарманың «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілері мен шарт негізінде жұмыс атқаратын штаттан тыс қызметкерлері толық таныстырылған.

Басқармада ағымдағы жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде «Жастар арасында құқық бұзушылық пен қылмыстың және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу профилактикасы бойынша мақсатты іс-шаралар өткізу және жастардың электораттық сауаттылығы мен белсенділігін арттыру, оқыту» бағытында кешенді іс-шаралар жүргізуде.             Тапсырыс шеңберінде облыстың барлық аудандары мен Тараз қаласын толық қамти отырып, жемқорлыққа қарсы көзқарас пен құқықтық сана қалыптастыру бағытында түрлі форматта іс-шаралар өткізу қаралған.

Атап айтқанда, ағымдағы жылдың тамыз-қараша айларында Тараз қаласы мен облыс аудандарында жастар арасында құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу профилактикасы бойынша ұсынымдар дайындау және методикалық нұсқаулықтар тарата отырып, «Құқық бұзушылық және Заңдық жауапкершілік» тақырыбына
11-дөңгелек үстел отырыстары өткізілді. Қатысушылар саны жалпы –
300 адам (облыс жастары).

Тамыз-қараша айларында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – бүгінгі күн талабы» тақырыбына жастар арасында 4-кездесу, 4-семинар және
1-пікірсайыс ойындары
өткізілді. Аталған іс-шаралар аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы 300 дана тақырыптық таратпа материалдар таратылды. Қатысушылар саны жалпы – 250 адам (қала жастары).

Аталған кешенді іс-шараларды ұйымдастыру барысында облыстық прокуратурамен, облыстық ішкі істер департаментімен және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Жамбыл облысы бойынша департаментімен қарым-қатынас орнатылды.

Жоба аясында сыбайлас жемқорлық пен құқық бұзушылыққа қарсы әзірленген 1 телевизиялық ролик басқарманың тапсырысымен «Қазақстан Тараз» телеарнасынан көрсетілді.

Сонымен қатар, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстан бөлек басқарма облыс тұрғындары (Тараз қаласы және 10 ауданның тұрғындары) арасында сыбайлас жемқорлыққа деген көзқарасты анықтау мақсатында
150-ге жуық сауалнамалық видео түсірді.

Есептік кезең аралығында басқарманың мемлекеттік қызметшілері тарапынан сыбайлас жемқорлық сипаттағы құқық бұзушылық фактілері орын алмаған.

 

Авторизуйтесь, чтобы получить возможность оставлять комментарии

Госсимволы

флаг и тп

 

 

ааа

фф

115492-preview-image.jpg

Программная статья Главы Государства "Взгляд в будущее: модернизация общественного сознания"