Жобаның түпкі ойы
«Болашақ энергиясы» жобасының түпкі ойы тұрақты қуат көздерін басқаруды қамтамасыз ететін шешімдер мен әдістерге қоғамдастық назарын аудару болып табылады.
Кешенді бағдарлама
ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесінің мәдени-ойын-сауықтық және спорттық іс-шараларының кешенді бағдарламасы
100 НАҚТЫ ҚАДАМ
БАРШАҒА АРНАЛҒАН ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ МЕМЛЕКЕТ
ОТКРОЙ ДЛЯ СЕБЯ КАЗАХСТАН С МОБИЛЬНЫМ ПРИЛОЖЕНИЕМ «КАЗАХСТАН - СТРАНА ВЕЛИКОЙ СТЕПИ»

Жамбыл облысы әкімдігі жастар саясаты мәселелері басқармасының сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері

Жамбыл облысы әкімдігі жастар саясаты мәселелері басқармасының сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері

 

            1. Қызметі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауға жататын мекеменің атауы:

«Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма).
            2. Осы Қағидалардың 8-тармағына сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың бағыты:

1) бөлімшенің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актірлерде және құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

            2) бөлімшенің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

3. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізетін құрылымдық бөлімше, лауазымды тұлға (лауазымды тұлғалар) немесе жұмыс тобының персоналдық құрамы туралы:

Жамбыл облысы әкімдігі жастар саясаты мәселелері басқармасының қаржы және ұйымдастыру бөлімінің бас маман – заңгері Зұлпыхар Жомарт Дүйсенұлы, Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра., 8 (7262) 56-96-61.

4. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу кезеңі:           2017 жылдың 2 тоқсаны.

5. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізуге және жұмыстың нәтижесіне басшылық, үйлестіру және жауаптылық жүктелетін сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау субъектісінің лауазымды тұлғасы:

Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Мәтен Мәди Мейірбекұлы.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау бағыттары бойынша жүзеге асырылады:

1)   персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы бойынша:

2017 жылдың 1 тоқсанында басқа мемлекеттік қызметке ауысуына байланысты жұмыстан босатылған мемлекеттік қызметшілер саны – 1 адам және штаттан тыс қызметшілер саны – 1 адам. Ағымдағы жылдың 2 тоқсанында кадрлардың ауысуы бойынша өзгерістер орын алған жоқ.

2)   мүдделер қақтығысын реттеу бойынша: есептік кезеңде мүдделер қақтығысы болған жоқ;

3)   мемлекеттік қызмет көрсету бойынша: басқарма ережесіндегі функционалдық міндеттеріне сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету құзыреті жоқ;

4)   рұқсат беру функцияларын іске асыру бойынша: басқарма ережесіндегі функционалдық міндеттеріне сәйкес рұқсат беру функциялары туралы құзыреті жоқ;

5)   бақылау функцияларын іске асыру бойынша: басқарма ережесіндегі функционалдық міндеттеріне сәйкес бақылау функциялары туралы құзыреті жоқ;

6)   бөлімшенің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер бойынша: Басқарманың негізгі қызметі облыстағы мемлекеттік жастар саясаты саласындағы заңнаманы іске асыруды қамтамасыз ету; мемлекеттік жастар саясатын іске асыру мәселелерінде жергілікті атқарушы органдарының қызметін үйлестіру; мемлекеттік жастар саясатын іске асыру саласында сектораралық өзара қатынасты (мемлекеттік құрылымдармен, азаматтық қоғам институттарымен, қоғамдастық өкілдерімен) нығайту; өңірлердегі мемлекеттік жастар саясатын ақпараттық сүйемелдеуді қамтамасыз ету; жастардың өзін-өзі ұйымдастыру және өзін-өзі дамыту процесін қамтамасыз ету; жастардың азаматтық және патриоттық тәрбиеленуіне жәрдемдесу; жоғары зияткер, білімді, шығармашыл, рухани, адамгершілік және физикалық сау – бәсекеге қабілетті жастарды тәрбиелеуге бағытталған шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру.

Сонымен қатар:

1)   бөлімшенің қызметін қозғайтын нормативтік-құқықтық актілер: есептік кезеңде «Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасы» мемлекеттік коммуналдық мекемесінің Ережесін бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2014 жылғы 27 наурыздағы №90 қаулысына (Жамбыл облысы Әділет департаментімен 2014 жылдың 28 сәуірінде Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 2196 болып енгізілген) өзгерістер енгізілмеген.

2)   бөлімшеге қатысты мемлекеттік органдардың бұрын жүргізген тексеру нәтижелері:

-   Жамбыл облысы прокуратурасының 2015 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 2-07-15-15982 заңдылық бұзушылықты жою туралы;

-    Жамбыл облысы прокуратурасының 2016 жылғы 25 қаңтардағы
№2-07-16-00857 заңдылық бұзушылықты жою туралы;

-   Жамбыл облысы бойынша тексеру комиссиясының 2017 жылғы
17 қаңтардағы аудиторлық есебі;

-    Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Жамбыл облысы бойынша басқармасының 2017 жылғы 10 сәуіріндегі заңдылықтың бұзылуын жою және болдырмау туралы №2-20-17-02772 ұсынысы;

-    Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Жамбыл облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің 2017 жылғы 2 мамырдағы камералдық бақылау нәтижесі бойынша анықталған заң бұзушылықтарды қалпына келтіру туралы №332 ескертуі;

-             Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Жамбыл облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің 2017 жылғы 14 маусымдағы анықталған заң бұзушылықтарды жою жөніндегі №ІМАД-6-/1867 нұсқамасы келіп түсті.

Аталған тексеру нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлық фактілері анықталған жоқ.

3)      бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар: есепті кезеңде 28.01.2017 ж. «Шұғыла – Радуга» газеті, №9 (5619) «Рейд ұйымдастырылды» - И.Қалыбековтың «Сыбайлас жемқорлықпен күрес – баршаға ортақ іс» тақырыбына жүргізілген сауалнамасы, 07.02.2017 ж., «Жаңа өмір – Новая жизнь» газеті, №14 (8701) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білімгерлердің көзқарасы» - авт. Ж.Ережеп, 04.04.2017 ж. – «Жаңа өмір - Новая жизнь» газеті,
№31 (8718), «Сыбайлас жемқорлықтың пайда болуының алғы шарттарын азайту» авт. Р.Ахметов,
25.05.2017 ж. – «Арай» жастар газеті, №20 (604) «Жас мемлекеттік қызметшілер жайы жан-жақты талқыға түсті», 31.05.2017 ж. – «Шұғыла-Радуга» газеті, №44 (5654) «Рухани жаңғыру», авт. Ж.Көшкінбай.

4)      бөлімшеге келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері: есептік кезеңде жеке және заңды тұлғалардан 72 өтініш түсті, оның ішінде
6 жеке тұлғалардан, 66 өтініш заңды тұлғалардан. Өтініштерге мерзімін бұзып жауап беру айғақтары тіркелген жоқ.

5)   прокурорлық қадағалау актiлерi: прокурорлық қадағалау болған жоқ.

6)   сот актілері: есептік кезеңде басқармаға қарсы сот ісі жүргізілген жоқ.

Жамбыл облысы бойынша тексеру комиссиясының 2017 жылғы
17 қаңтардағы аудиторлық есебі қорытындысына сәйкес, облыстық «Еріктілер мектебінің жұмысын үйлестіру және жүргізу» үшін жарияланған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында 2016 жылдың 20 шілдесінде басқарма
«Ақ сұңқар» жастар қоғамдық бірлестігі,  яғни қоғамдық бірлестік Жетекшісі – Есиркепов Абзал Есеновичпен жасасқан №46 келісім шарт талаптарына сәйкес, басқарма өздерімен жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шарттар бойынша өз міндеттемелерін орындамаған не тиісінше орындамағаны үшін «Ақ сұңқар» жастар қоғамдық бірлестігін мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану үшін Жамбыл облысы бойынша мамандандырылған экономикалық сотына талап арыз берген.

2017 жылғы 20 ақпандағы № 3115-17-00-2/116 сот шешіміне сәйкес, аталған талап арыз қанағаттандырусыз қалдырылған.

«Полиграфиялық өнімдерді әзірлеу/басу бойынша полиграфиялық қызметтер (кітап, фото баспалардан  басқа)» бойынша  53 571.42 (елу үш мың бес жүз жетпіс бір теңге қырық екі тиынға) теңгеге баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен жарияланған мемлекеттік сатып алу бойынша жеке кәсіпкер «АЛИЯ»,  яғни жеке кәсіпкер басшысы – Оршибекова Алия Қабылбекқызымен
2017 жылдың 12 сәуірінде жасасқан №19 келісім шарт талаптарына сәйкес, басқарма өздерімен жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шарттар бойынша өз міндеттемелерін орындамаған не тиісінше орындамағаны үшін жеке кәсіпкер «АЛИЯ»-ны мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тануды және жеке кәсіпкер қызмет көрсетуден бас тартқаны және қызмет көрсету мерзімдерін өткізіп алғаны үшін Шарттың жалпы сомасының 0,1 пайызы мөлшерінде әр кешіктірген күндері (15 күн) үшін 461 теңге 25 тиын  (төрт жүз алпыс бір теңге жиырма бес тиын) тұрақсыздық айыбын сот шешімімен жергілікті бюджетке өндіру мақсатында Жамбыл облысы бойынша мамандандырылған экономикалық сотына талап арыз берген.

2017 жылғы 5 маусымдағы № 3115-17-00-2/735 сот шешіміне сәйкес, жеке кәсіпкер «Алия» Оршибекова Алия Қабылбекқызы мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп танылып, мемлекет пайдасына 461 (төрт жүз алпыс бір) теңге 25 (жиырма бес) тиын айыппұл және 1 148 (бір мың жүз қырық сегіз) теңге мемлекеттік баж төлеуге міндеттелді.

7)   ұсынылуына Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де мәліметтер сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің ақпарат көздері болып табылады;

Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасы Ережемен белгіленген өзінің функционалдық қызметін орындауда, мемлекеттік қызмет көрсетпейді, лицензия бермейді.

            Басқармада сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша 2017 жылдың 1 жарты жылдығында профилактикалық және атқарылған
іс-шаралар ақпараты төмендегідей:

Облыс әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі №234 қаулысымен Қазақстан Республикасының 2015 - 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015 - 2017 жылдарға арналған  іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың жасауын алдын алу мақсатында басшылық тарапынан бақылау, түсіндіру жұмыстары жүргізіліп отырады.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V Заңының 12-бабына сәйкес, басқарма басшысына қабылдауға келген басқарма қызметшілері және жеке тұлғалар мен заңды тұлға өкілдері үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер көрнекі жерге ескерту түрінде орналастырылған. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілік көзқарасты қалыптастыру мақсатында басқарманың арнайы сыбайлас жемқорлыққа қарсы бұрышы орнатылған.

Сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу мен жастар саясаты мәселелері шеңберінде азаматтардың өтініштері мен сұрақтарына тікелей жауап беретін басқарма басшысының арнайы блогы мен басқарманың «сенім телефоны» жұмыс істейді және өтініштер үшін арнайы жәшік орнатылған.

2017 жылдың 4 қаңтарында №2 бұйрыққа сәйкес, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың 2017 жылға арналған іс-шаралар жоспары» бекітілген.

Басқарма қызметкерлерінің жыл сайынғы салық органдарына табысын жариялау бойынша декларациялары тапсырылған.

Басқармада сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық деңгейін анықтау мақсатында тұрақты түрде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіліп отырады. Ағымдағы жылдың 1 және 2 тоқсаны бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіліп, облыс әкімі аппаратына жолданған.

2017 жылғы 22 мамырдағы «Жамбыл облысы әкімдігі жастар саясаты мәселелері басқармасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарын бекіту туралы» басқарма басшысының №32 бұйрығына сәйкес, басқарманың сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттары бекітілген және басқарма қызметкерлеріне таныстырылған.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 234 қаулысымен Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының 5-тармағына сәйкес, Басқарманың ump-zhambyl.kz ресми сайтында Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» №410-V Заңы, Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы №986 Жарлығы және «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығы орналастырылған.

Жоспардың 25-тармағына сәйкес, 2017 жылдың 11 сәуірінде облыс әкімдігі жастар саясаты мәселелері басқармасының ұйымдастыруымен «Тараз техника және бизнес», «Парасат» колледждерінде студенттер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытында «Парасыз қоғам» тақырыбына студент жастармен кездесу өткізілді. Қатысушылар саны: 85 адам.

2017 жылдың ақпан-наурыз айларында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына кезекті Жолдауынан туындайтын міндеттерді түсіндіру мақсатында облыс елді мекендеріне шыққан «Елбасы Жолдауы - жаңғырудың жаңа кезеңі» атты ақпараттық автокеруні аясында облыс әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасы мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері Министрлігі Жамбыл облысы бойынша департаментінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы құқықтық нормативтік актілерінің өзгерісі туралы, мемлекеттік қызметшілерді қолданыстағы заңнама талаптары, «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын» кеңінен түсіндіріп өтті.

 

Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 15-30 мамыры аралығында облыс әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасы мен облыстық прокуратураның ұйымдастыруымен бастау алған «Рухани жаңғыру!» атты автокеруені аясында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері Министрлігі Жамбыл облысы бойынша департаментінің қызметкерлері тарапынан облыстың барлық аудандары мен Тараз қаласында, елді-мекендерде барлық санаттағы жастар мен тұрғындарға аталған мәселе бойынша кең ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

2017 жылдың 2 маусымында Жамбыл ауданы, Жамбыл ауылдық округі, Бесжылдық ауылында басқарма басшысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөнінде ауыл тұрғындарымен және жастарымен кездесуі, сондай-ақ, жеке қабылдауы өткізілді.

Шара барысында басқарма басшысы Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы мен «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын» іске асыру талаптары, Заңнан туындайтын міндеттер турасында ауыл тұрғындары мен жастарды хабардар етті. Қатысушылар саны: 50 адам.

Ағымдағы жылы Тараз қаласы мен аудандардағы «Жастар ресурстық орталықтарының» ұйымдастыруымен жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытында жоғары және орта арнаулы оқу орындары мен мектеп оқушылары арасында «Жемқорлық - қоғамның өзекті мәселесі», «Жемқорлыққа жол жоқ!» тақырыбына 50-ге жуық кездесулер, «дөңгелек үстел» отырыстары мен жастар акциялары өткізілуде.

Сондай-ақ, ағымдағы жылы басқарманың мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы шеңберінде «Жастар арасында құқық бұзушылық пен қылмыстың және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу профилактикасы бойынша мақсатты іс-шаралар өткізу және жастардың электораттық сауаттылығы мен белсенділігін арттыру, оқыту» тақырыбына тиісті жұмыстар жүргізу көзделуде.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы қолданудың тиімділігін арттыру және оны жетілдіру бойынша арнайы мамандардың қатысуымен басқарма және облыстық «Жастар ресурстық орталығы» қызметкерлерімен кездесулер тұрақты өткізілуде.

Есептік кезең аралығында жеке және заңды тұлғалардың тарапынан басқарманың мемлекеттік қызметшілеріне қатысты заң бұзушылық туралы арыз-шағымдар түскен жоқ және сыбайлас жемқорлық сипатта құқық бұзушылық фактілері орын алған жоқ.

Авторизуйтесь, чтобы получить возможность оставлять комментарии

Госсимволы

флаг и тп

 

 

ааа

фф

115492-preview-image.jpg

Программная статья Главы Государства "Взгляд в будущее: модернизация общественного сознания"