Жобаның түпкі ойы
«Болашақ энергиясы» жобасының түпкі ойы тұрақты қуат көздерін басқаруды қамтамасыз ететін шешімдер мен әдістерге қоғамдастық назарын аудару болып табылады.
Кешенді бағдарлама
ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесінің мәдени-ойын-сауықтық және спорттық іс-шараларының кешенді бағдарламасы
100 НАҚТЫ ҚАДАМ
БАРШАҒА АРНАЛҒАН ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ МЕМЛЕКЕТ
ОТКРОЙ ДЛЯ СЕБЯ КАЗАХСТАН С МОБИЛЬНЫМ ПРИЛОЖЕНИЕМ «КАЗАХСТАН - СТРАНА ВЕЛИКОЙ СТЕПИ»

Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының (бұдан әрі – Басқарма) сыбайлас жемқорлыққа қарсы 2017 жылы жүргізілген іс-шараларының ақпараты

Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы 2017 жылы жүргізілген іс-шараларының ақпараты

 

 

 

Мемлекеттік жастар саясатын іске асырудағы жергілікті атқарушы орган ретінде басқарманың бақылауымен биылғы жыл басынан бастап Тараз қаласы мен аудандық «Жастар ресурстық орталықтарының» ұйымдастыруымен жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытында жоғары және орта арнаулы оқу орындары мен мектеп оқушылары арасында «Жемқорлық - қоғамның өзекті мәселесі», «Жемқорлыққа жол жоқ!» тақырыбына 60-қа жуық кездесулер, «дөңгелек үстел» отырыстары мен жастар акциялары өткізілді.

Биылғы жылы басқарма негізгі жұмысын Мемлекет басшысының биылғы Жолдауы мен «Рухани жаңғыру» мақаласын арқау ете отырып, облыс жастарын ақпараттандыруға бағыттады.

Ақпан-наурыз айларында «Елбасы Жолдауы - жаңғырудың жаңа кезеңі» атты (Қосымша 2, 3), ал, мамыр айында (15.05.17 – Жамбыл, 16.05.17 – Жуалы, 17.05.17 – Байзақ, 18.05.17 – Сарысу, 19.05.17 – Талас, 22.05.17 – Т.Рысқұлов, 23.05.17 – Меркі, 24.05.17 – Қордай, 25.05.17 – Шу аудандарында) облыстық прокуратурамен бірлескен «Рухани жаңғыру!» атты автокеруендері барлық аудан орталықтары мен елді-мекендерінде болып, «Кеңес беру алаңдарын» ұйымдастырды (Қосымша 4-12).

Кеңес беру алаңдарында жалпы 15-тен астам саланың
30-дан астам өкілдері тұрғындар мен барлық санаттағы жастарға кеңестер берді.

Автокеруен аясында 1000 жуық ақпараттық-әдістемелік материалдар (брошюралар т.с.с.) үлестіріліп таратылды, мастер-класстар өткізілді. 

Керуен құрамында болған Прокуратура мен Мемлекеттік қызмет істері департаментінің мамандары тарапынан мемлекеттік қызметке орналасу тәртібі мен қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы кері көзқарас пен құқықтық сананы қалыптастыру бағытында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Аталған 2 автокеруен жұмысына жалпы 29 жасқа дейінгі
15 мыңнан астам жастар қамтылды.

Ағымдағы жылдың 4 қаңтарында Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасы тарапынан жүргізілетін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың 2017 жылға арналған іс-шаралар жоспары бекітілген (Қосымша 13).

Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа төзімсіз көзқарас қалыптастыру мақсатында бірқатар іс-шаралар жүргізіліп келеді.

Атап айтқанда, ағымдағы жылдың 11 сәуірі күні «Парасат» және «Тараз техника және бизнес» колледждерінің студенттеріне сыбайлас жемқорлыққа төзімсіз көзқарас қалыптастыру мақсатында заң нормаларын түсіндіру семинары өткізілді. Қатысушылар саны – 30 адам (Қосымша 14).

Ағымдағы жылдың 2 маусымында Жамбыл ауданы, Жамбыл ауылдық округі, Бесжылдық ауылында басқарма басшысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөнінде ауыл тұрғындарымен және жастармен кездесуі және жеке қабылдауы өткізілді (Қосымша 15).

Шара барысында ауыл тұрғындары мен жастар Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы мен «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын» іске асыру талаптары турасында хабардар етілді.

Сонымен қатар, басқарма басшысының «Нұр Отан» партиясы филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде азаматтарды қабылдауы өткізілді. Қабылдауға 6 азаматтан әлеуметтік сала мәселелері бойынша сауалдар қойылып, оларға тұшымды жауаптар берілді.

Облыстағы үкіметтік емес жастар ұйымдарының белсенділерімен, жоғары және орта арнаулы оқу орындарының жастар ісі жөніндегі комитет жетекшілерімен, белсенді студент жастармен де тұрақты кездесулер ұйымдастырылып отырады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы қолданудың тиімділігін арттыру және оны жетілдіру бойынша арнайы мамандардың қатысуымен басқарма және облыстық «Жастар ресурстық орталығы» қызметкерлерімен де кездесулер тұрақты өткізілуде.

Мысалы, ағымдағы жылы басқарманың ұйымдастыруымен өткен «ЭКСПО-2017 - ЖАСТАРДЫҢ БОЛАШАҒЫ» атты облыстық жастар оқыту лагеріне жиналған 300-ге жуық жастарға Мемлекеттік қызмет істері департаментінің  қызметкерлері тарапынан «100 нақты қадам» Ұлт жоспары мен «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының талаптары түсіндіріліп, бағыт-бағдарлар берілді
(Қосымша 16).

Басқарма тарапынан жүргізіліп жатқан аталған іс-шаралар БАҚ-да және басқарманың ump-zhambyl.kz ресми сайтында тұрақты жарияланып тұрады.

Есептік кезең аралығында Жамбыл аудандық «Шұғыла-Радуга» газетінде «Сыбайлас жемқорлықпен күрес - баршаға ортақ іс» (№9 (5619) 28.01.2017 ж.), Жуалы аудандық «Жаңа өмір – Новая жизнь» газетінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білімгерлердің көзқарасы» (№14 (8701) 07.02.2017 ж.), «Сыбайлас жемқорлықтың пайда болуының алғы шарттарын азайту» (№31 (8718) 04.04.2017 ж.), облыстық «Арай» жастар газетінде «Жас мемлекеттік қызметшілер жайы жан-жақты талқыға түсті» (№20 (604) 25.05.2017 ж.), «Знамя труда» газетінде «Правовая помощь доступна каждому» (№101 (18414) 12.09.2017 ж.) мақалалары жарық көрген (Қосымша 17).

Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын іске асыру аясында басқарманың ump-zhambyl.kz ресми сайтының
«Заң» пернесі бөлімінде Қазақстан Республикасының 2015 жылғы
18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» №410-V Заңы, Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы №986 Жарлығы және «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығы орналастырылған (Қосымша 18).

Сондай-ақ, сайтта «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» деген атаумен сыбайлас жемқорлыққа қарсы арнайы бет ашылған. Аталған бетте басқарманың ағымдағы жылдың 1-жартыжылдығы жағдайы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізілген ішкі талдаудың нәтижелері және басқарма басшысының есебі орналастырылған (Қосымша 19).

Сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселесі үнемі аппараттық кеңестерде қарастырылады және басқарма басшысының тұрақты бақылауында.

Осы орайда, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментіне уақтылы есептер тапсырылып отырады
(Қосымша 20).

Азаматтардың ауызша және жазбаша өтініштерін уақтылы және толық қарастырылуын қамтамасыз ету, олар бойынша шешім қабылдап, заңмен білгіленген мерзімде өтініш иесіне жауап қайтару басқарманың негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызмет саласындағы қолданыстағы заңнама нормаларын бұзу фактілері туралы хабарламаларға жедел түрде шара қолдану мақсатында басқарма басшысы азаматтарды жеке мәселелер бойынша қабылдауын жүргізеді. Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының орындалуы қатаң түрде бақыланады. Келіп түскен өтініштер бойынша заңнамамен белгіленген мерзімде түсінік беріліп, шаралар қолданылады.

Есепті кезеңде басқармаға жеке және заңды тұлғалардан
164 өтініш келіп түсті, оның ішінде 8 жеке тұлғалардан,
158 өтініш заңды тұлғалардан түскен. Өтініштерге мерзімін бұзып жауап беру айғақтары тіркелмеген. Оның ішінде 161 өтініш қанағаттандырылған (түсініктемелер берілген), 3 өтінішке бас тарту жауабы берілген.

Басқармада сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу мен жастар саясаты мәселелері шеңберінде азаматтардың өтініштері мен сұрақтарына тікелей жауап беретін басқарма басшысының арнайы блогы (http://blog.zhambyl.kz, ump-zhambyl.kz ресми сайтында орналасқан) (Қосымша 18, 20) мен басқарманың (45-45-99) «сенім телефоны» жұмыс істеп келеді. Басшының http://blog.zhambyl.kz блогына 3 азаматтан өтініш келіп түскен және заңнамаға сәйкес тиісті жауаптар берілген.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V Заңының 12-бабына сәйкес, басқарма басшысына қабылдауға келген басқарма қызметшілеріне және жеке тұлғалар мен заңды тұлға өкілдері үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер ескерту түрінде көрнекі жерге орналастырылған (Қосымша 21).

Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілік көзқарасты қалыптастыру мақсатында басқарманың сыбайлас жемқорлыққа қарсы бұрышы мен өтініштер үшін арнайы жәшік орнатылған (Қосымша 22).

Басқарма тарапынан мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің жыл сайынғы салық органдарына табысын жариялау бойынша декларацияларын уақтылы тапсыруы бақылауға алынған.

Басқармада сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық деңгейі мен фактілерді анықтау мақсатында тұрақты түрде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіліп отырады. Ағымдағы жылдың үш тоқсаны бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіліп, облыс әкімі аппаратына жолданған болатын.

Алдағы күндерде басқарма қызметкерлері тарапынан сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол беру фактілерінің орын алмауы үшін және мемлекеттік қызметпен сыйыспайтын шектеулерді сақтауға қызметкерлерді міндеттеу мақсатында 2017 жылғы 22 мамырдағы басқарма басшысының
№32 бұйрығына сәйкес, басқарманың сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттары (бұдан әрі – Стандарт) бекітілген. Аталған Стандартпен басқарманың «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілері мен шарт негізінде жұмыс атқаратын штаттан тыс қызметкерлері толық таныстырылған (Қосымша 23).

Басқармада ағымдағы жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде «Жастар арасында құқық бұзушылық пен қылмыстың және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу профилактикасы бойынша мақсатты іс-шаралар өткізу және жастардың электораттық сауаттылығы мен белсенділігін арттыру, оқыту» бағытында кешенді іс-шаралар жүргізуде.            Тапсырыс шеңберінде облыстың барлық аудандары мен Тараз қаласын толық қамти отырып, жемқорлыққа қарсы көзқарас пен құқықтық сана қалыптастыру бағытында түрлі форматта іс-шаралар өткізу қаралған.

Атап айтқанда, ағымдағы жылдың тамыз-қараша айларында Тараз қаласы мен облыс аудандарында жастар арасында құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу профилактикасы бойынша ұсынымдар дайындау және методикалық нұсқаулықтар тарата отырып, «Құқық бұзушылық және Заңдық жауапкершілік» тақырыбына
11-дөңгелек үстел отырыстары өткізілді (Қосымша 24). Қатысушылар саны жалпы – 300 адам (облыс жастары).

Тамыз-қараша айларында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – бүгінгі күн талабы» тақырыбына жастар арасында 4-кездесу, 4-семинар (Қосымша 25) және 1-пікірсайыс ойындары (Қосымша 26) өткізілді. Аталған іс-шаралар аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы 300 дана тақырыптық таратпа материалдар таратылды. Қатысушылар саны жалпы – 250 адам (қала жастары).

Аталған кешенді іс-шараларды ұйымдастыру барысында облыстық прокуратурамен, облыстық ішкі істер департаментімен және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Жамбыл облысы бойынша департаментімен қарым-қатынас орнатылды.

Жоба аясында сыбайлас жемқорлық пен құқық бұзушылыққа қарсы әзірленген 1 телевизиялық ролик басқарманың тапсырысымен «Қазақстан Тараз» телеарнасынан көрсетілді (Қосымша 27).

Сонымен қатар, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстан бөлек басқарма облыс тұрғындары (Тараз қаласы және 10 ауданның тұрғындары) арасында сыбайлас жемқорлыққа деген көзқарасты анықтау мақсатында
150-ге жуық сауалнамалық видео түсірді (Қосымша 28).

Есептік кезең аралығында басқарманың мемлекеттік қызметшілері тарапынан сыбайлас жемқорлық сипаттағы құқық бұзушылық фактілері орын алмаған.

Аталған бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта өз жалғасын табатын болады.

 

Авторизуйтесь, чтобы получить возможность оставлять комментарии

Госсимволы

флаг и тп

 

 

ааа

фф

115492-preview-image.jpg

Программная статья Главы Государства "Взгляд в будущее: модернизация общественного сознания"