Тараз қаласы мен аудандардағы «Жастар ресурстық орталықтары» қызметкерлеріне арналған 2 күндік оқыту семинары өткізілді

Оцените материал
(0 голосов)

Ағымдағы жылдың 12-13 шілдесі аралығында Байзақ ауданы, Сарыкемер ауылындағы «Кооператор» сауықтыру орталығында «Жастар ресурстық орталығының» қызметкерлері арасында өзара тәжірибе алмасуға жағдай жасау, біліктіліктерін арттыру мақсатында облыс әкімдігі жастар саясаты мәселелері басқармасының ұйымдастыруымен Тараз қаласы мен аудандардағы «Жастар ресурстық орталықтары» қызметкерлеріне арналған
2 күндік оқыту семинары өткізілді.

          Аталған шараға облыстық, Тараз қалалық және аудандық «Жастар ресурстық орталықтарының» қызметкерлері, өңіріміздегі үкіметтік емес жастар ұйымдарының өкілдері қатысып, секциялық топтарға бөлініп жұмыс жасады.

Шараның бірінші күнінде облыс әкімдігі жастар саясаты мәселелері басқармасы басшысының азаматтық сектор өкілдерімен тұрғындардың өзекті мәселелерін талқылау бойынша кездесуі өткізілсе, Республикалық «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы өкілдерімен және басқа да лекторлардың қатысуымен семинар жұмысы арнайы тақырыптар бойынша секциялық бағытта өрбіді.

Семинардың екінші күнінде мемлекеттік қолдау тетіктері, құқықтық мәдениетті арттыру, жастар арасындағы құқық бұзушылық профилактикасы, білім, жұмысқа орналасу, дін, этносаралық келісім, кәсіпкерлік бастамаларды қолдау, ауыл шаруашылығы саласын мемлекеттік қолдау тетіктері, тегін медициналық скринингтік тексерулерден өткізу, міндетті медициналық сақтандыру талаптары және т.с.с салаларды қамтыған мәселелер бойынша дәрістер оқылып, топтық жұмыстар ұйымдастырылды.

Сондай-ақ, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» тақырыбына зиялы қауым өкілдерімен (Кәрібайұлы Жандар, Әлімжан Елен, Битенова Үміт) жастардың кездесуі өткізілді.

Жүргізілген әрбір секциялық жұмысқа тиісті саланың білікті мамандары тартылып, қатысушыларға нақты бағыт-бағдар көрсетіп, туындаған сұрақтарына тұшымды жауаптарын берді.

Шара соңында қатысушыларға әдістемелік ұсынымдар, СD-дискілер түріндегі үлестірмелі материалдар таратылып, қатысушыларға ұйымдастырушылар тарапынан сертификаттар табыс етіліп, қатысушыларға облыстың тарихи-мәдени жерлеріне экскурсия ұйымдастырылды.

Авторизуйтесь, чтобы получить возможность оставлять комментарии

Госсимволы

флаг и тп

 

 

ааа

фф

115492-preview-image.jpg

Программная статья Главы Государства "Взгляд в будущее: модернизация общественного сознания"