Облыста «Рухани жаңғыру» акциясы өткізілді

Оцените материал
(0 голосов)

   Ағымдағы жылдың 16-21 қыркүйегі аралығында облыс әкімінің орынбасары Е.Манжуовпен бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес, Керей мен Жәнібек ескерткішінің алаңында түрлі түсті футболка киген
500-ге жуық жастың қатысуымен «Рухани жаңғыру» логотипін бейнелеуімен жастар флеш-мобы ұйымдастырылды. Шара барысында «ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесінде 42 күн бойы қызмет көрсеткен 100 волонтер облыс әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталды.Сондай-ақ, жастар арасында «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын, ұлттық дәстүрлерді, Қазақстан тарихы мен туған өлкені білуі бойынша көпшілік викторинасы өткізілді.
      

   Акция аясында 18 қыркүйек күні облыстық «Жібек жолы жастары» мектебі волонтерларының қатысуымен «Тағзым ету - парызым» атты жастар акциясы өткізілді. Акцияда волонтерлар Ұлы Отан соғысының ардагері Н.Ахметовтың үйінде және №2 «Арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну орталығы» (қартта үйі)мекемесінде көмек көрсетті (терезелерді жуу, жылылау, үй және мекеме айналасын тазалау). Сондай-ақ, 19 қыркүйек күні Тараз қаласындағы Қарахан, Тектұрмас кесенелері аумағында жастар сенбілігі өткізілді.

         Сонымен қатар, 20 қыркүйек күні М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде, «SMALL» сауда орталығында және
«Ауыл-Береке» базарында «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаланы білуі бойынша көпшілік викторина өткізіліп, кітапшалар таратылды.

         Ал, 21 қыркүйек күні Тараз мемлекеттік педагогикалық институтында облыс студенттері арасында «Рухы берік ұлттың ұрпағымыз» тақырыбына пікірсайыс турнирі өткізілді. Турнир қорытындысы бойынша қатысушыларға «Алғыс хаттар» мен «Дипломдар» және бағалы сыйлықтар табыс етілді.

         Акция аясында облысымыздың барлық өңірлерінде 16-21 қыркүйек аралығында түрлі форматтағы 129 көпшілік шара («Білім» бағыты бойынша- 35 шара, «Асар» бағыты бойынша- 36 шара, «Тағзым» бағыты бойынша- 52 шара, «Өнер» бағыты бойынша- 6 шара) ұйымдастырылып, 15 мыңға жуық жас қамтылды.

Авторизуйтесь, чтобы получить возможность оставлять комментарии

Госсимволы

флаг и тп

 

 

ааа

фф

115492-preview-image.jpg

Программная статья Главы Государства "Взгляд в будущее: модернизация общественного сознания"