Тараз қаласы мен аудандарда «Рухани жаңғыру» атты автокеруені кең ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргізді

Оцените материал
(0 голосов)

Облыс әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасы мен облыстық прокуратураның ұйымдастыруымен облыстың барлық аудан орталықтары мен елді-мекендерінде, барлық санаттағы жастар мен тұрғындарға түрлі сала аясындағы мәселелер бойынша 15-26 мамыр аралығында кең ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргізген «Рухани жаңғыру!» атты автокеруені 2017 жылдың 30 мамырында өз жұмысын Тараз қаласынан аяқтады.

Аталған шараға облыстық прокуратура, облыс әкімдігінің білім, кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту, жерлерді пайдалану және қорғалуын бақылау, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау, дін басқармалары, Жамбыл облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының хатшылығы, ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті, облыс әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы жанындағы «Жас Отан» Жастар қанаты, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры», «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Жамбыл облыстық филиалы, «Тараз Су» МКК, «Жамбыл электр жүйесі» АҚ, «Тараз энерго орталық» АҚ, «Қаз Транс Газ Аймақ» АҚ, екінші деңгейлі банктер, жоғары және орта арнаулы оқу орындарының өкілдері мен Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Ақмола, Атырау, Павлодар облыстарының жоғары оқу орындарынан («Серпін» бағдарламасы бойынша) арнайы келген өкілдері қатысты.

Автокеруен мүшелері Тараз қаласы мен аудан орталықтарында және ауылдық елді мекендерінде болып, мемлекеттік қолдау тетіктері, құқықтық мәдениетті арттыру, жастар арасындағы құқық бұзушылық профилактикасы, білім, жұмысқа орналасу, дін, этносаралық келісім, кәсіпкерлік бастамаларды қолдау, ауыл шаруашылығы саласын мемлекеттік қолдау тетіктері, мемлекеттік қызметке орналасу тәртібі, оқу орындарына түсу мүмкіндіктері, тегін медициналық скринингтік тексерулерден өткізу, міндетті медициналық сақтандыру талаптары және т.с.с салаларды қамтыған мәселелер бойынша қабылдаулар өткізді.

Атап айтқанда, автокеруен аясында аудан көлемінде «Дін проблемаларын зерттеу» орталығының өкілдерімен және волонтерларды тарта отырып 1152 респонденттен сауалнама алынды.

         Аудандық мәдениет үйлерінде діни тақырыптар төңірегінде «Адасқандар» тақырыбында театрландырылған көріністер көрсетіліп, 3477 адам қамтылды.

         Діни экстремизм мен теріс пиғылды ағымдарға кіруінен сақтандыруға бағытталған алдын алу жұмыстары жүргізіліп,
4584 адаммен кездесулер мен тренингтер өткізілді.

         Кәсіпкерлер палатасы, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры және банк ұйымдарының өкілдерімен 280 адамға кәсіпкерлік бастамаларды қолдау мен несие алу мүмкіндіктері бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

         Сондай-ақ, «Зайырлылық және дінтану негіздері» жаңа курсы бойынша оқытушыларға арналған мастер-класс өткізіліп,
490 оқытушы біліктілігін арттырды.

         Мектеп түлектері және олардың ата-аналарына теріс діни ағымдардың қаупі мен діни оқу орындарында білім алу мүмкіндіктерін түсіндіру мақсатында кездесулер ұйымдастырылып, 2123 адамға түсіндірілді.

         Аудандық ішкі істер бөлімдерінде 449 пробацияда жүрген аудан тұрғындарымен жеке қабылдау мен кездесулер өткізіліп, теріс діни ағымдардың алдын алуға бағытталған түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

         Заңнама құқықтары мен нормаларын түсіндіру бойынша
181 азамат қабылданып, оның ішінде, 164 адамға тұшымды жауаптар берілді.

         Денсаулық сақтау мәселелері бойынша 1696 азаматқа кеңес берілсе, оның ішінде 31 Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен мүмкіндігі шектеулі жандардың үйлерінде болып, медициналық көмек көрсетілді.

         Жұмыспен қамту мәселелесі бойынша 485 азамат өтінішпен қайырылса, оның ішінде, 228 азаматтың өтініштері қабылданды.

         6 атқарушы өндірістен 9 кәмелетке толмаған балаларға 276 мың теңге көлемінде алимент өндірілді.

         Жоғары және орта арнаулы оқу орындарына түсу мүмкіндіктері, жеңілдіктер, мамандықтар таңдау бойынша 3870 талапкерге кеңес берілді.

         Мемлекеттік қызметке орналасу тәртібі бойынша
262 азаматқа түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

         Әділет басқармасының өкілдерімен 63 азаматқа кеңес берілсе, ауыл шаруашылығы саласын мемлекеттік қолдау тетіктері бойынша 426 азаматқа кеңестер берілді.

         Жер мәселесі бойынша 188 азамат өтінішпен қайырылып,
163 азаматқа «Жас Отан» Жастар қанатының өкілдерімен кеңес берілсе, 402 азаматқа Қазақстан халқы ассамблеясы өкілдерімен кеңес берілді.

         Жалпы алғанда автокеруен мүшелері облыс бойынша 20 мыңнан астам аудан тұрғындары мен жастарына түрлі бағыттағы кеңестер берді.

         Сонымен қатар, шара барысында ақпараттық-әдістемелік материалдар (брошюралар т.с.с.) үлестіріліп, мастер-класстар өткізілді, скринингтік тексерулерден өткізілді.

Авторизуйтесь, чтобы получить возможность оставлять комментарии

Госсимволы

флаг и тп

 

 

ааа

фф

115492-preview-image.jpg

Программная статья Главы Государства "Взгляд в будущее: модернизация общественного сознания"