«Отбасы – ұлт тірегі!» атты жас отбасылар арасында облыстық байқау өтті

Ағымдағы жылдың 24 қазанында Жамбыл политехникалық колледжінде жастарды отбасылық құндылықтарды құрметтей білуге шақыру, қазақ халқының салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарын сақтай отырып, оны жан-жақты насихаттау, жас отбасылардың қазіргі жағдайдағы белсенді әлеуметтік көзқарастарын қалыптастыру мақсатында «Отбасы – ұлт тірегі!» атты жас отбасылар арасында облыстық байқау өткізілді.

         Облыстық шараға Тараз қаласы мен облыс аудандарынан 11 жұп қатысып, «Шуағы мол шаңырақ», «Өнерлі орда», «Жанұя бірлігінің құпиясы», «Әке аманаты», «Әйел - үйдің ажары»номинациялары бойынша сынға түсті.

Байқау қорытындысы бойынша жүлделі І орынды Омаровтар отбасы (Мойынқұм ауданы) иеленсе, ІІ және ІІІ орындарды Аубакировтар отбасы (Жуалы ауданы) мен Данабековтар отбасы (Талас ауданы) өзара бөлісті.

Жүлделі орынға ие болған жас отбасылар ұйымдастырушылар тарапынан арнайы дипломдар және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

 

Пікірлер тастау үшін кіріңіз

фы

вф

ыв

115492-preview-image.jpg

Программная статья Главы Государства "Взгляд в будущее: модернизация общественного сознания"