«Латын әліпбиіне көшу - қазақ тілінің жаңа белесі» тақырыбына облыстық пікірсайыс турнирі өтті

Ағымдағы жылдың 22 қазанында Жамбыл медициналық колледжінде облыс әкімдігі жастар саясаты мәселелері басқармасының ұйымдастыруымен Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы латын әліпбиіне кезең-кезеңмен көшу мәселесін жастар арасында кеңінен насихаттау және түсіндіру, оның маңыздылығын жеткізу мақсатында «Латын әліпбиіне көшу - қазақ тілінің жаңа белесі» тақырыбына облыстық пікірсайыс турнирі өткізілді.

Шараға облыс бойынша барлығы 36 команда қатысып, латын әліпбиіне көшудің пайдасы мен алдағы кездесетін қиындықтар және оны шешу жолдары бойынша жастар өз ойлары мен пікірлерін ортаға салды.

Пікірсайыс турнирінде зеректігімен, ой ұшқырлығымен ерекшеленіп, жеңіске жеткен командаларға бағалы сыйлықтар мен «Алғыс хаттар» табыс етілді.

 

Пікірлер тастау үшін кіріңіз

фы

вф

ыв

115492-preview-image.jpg

Программная статья Главы Государства "Взгляд в будущее: модернизация общественного сознания"