ХІІІ облыстық жастар «Дельфийлік» ойындары өтті

Ағымдағы жылдың 3 шілдесінде Тараз мемлекеттік педагогикалық институтында облыс әкімдігі жастар саясаты мәселелері басқармасының ұйымдастыруымен облыстың дарынды, талантты жастарын қолдау және таныту мақсатында ХІІІ облыстық жастар «Дельфийлік» ойындары өткізілді.

Тараз қаласы мен аудандардан 100-ге жуық өнерпаздар қатысып,
13 номинация («Халық әнін орындау», «Эстрадалық əн айту», «Ұлттық аспаптар: домбыра», «Ұлттық аспаптар: қыл қобыз, прима қобыз», «Бейнелеу өнері», «Декоративті қолданбалы өнер», «Киім дизайны», «Фотосурет», «Қысқаметражды кино, бейнероликтер», «Халық биі», «Қазіргі заман би», «Фортепиано», «Скрипка») бойынша сынға түсті.

           ХІІІ облыстық жастар «Дельфийлік» ойындардың жеңімпаздары Шымкент қаласында өткізілетін Ұлттық «Дельфийлік» ойындарға жолдама алып, республиканың үздік дарын иелерімен бақ сынасатын болады.

         Байқауға қатысқан үміткерлер арнайы дипломдар мен бағалы сыйлықтармен марапатталса, барлық қатысушыларға сертификаттар табыс етілді.

Пікірлер тастау үшін кіріңіз

фы

вф

ыв

115492-preview-image.jpg

Программная статья Главы Государства "Взгляд в будущее: модернизация общественного сознания"