Облыс әкімінің төрағалығымен облыс әкімдігі жанындағы жастар ісі жөніндегі Кеңес отырысы өтті

Ағымдағы жылдың 27 маусымында облыс әкімі К.Көкрекбаевтың төрағалығымен облыс әкімдігі жанындағы жастар ісі жөніндегі Кеңес отырысы өткізілді.

Кеңес отырысында «Облыста жастар саясатының іске асырылу барысы туралы» облыс әкімдігі жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы М.Мәтен, «Облыс жастары арасында спорттың дамуы және бұқаралық спортқа жастарды тарту бағытында атқарылған жұмыстар туралы» облыс әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Г.Қайнарбеков, «Байзақ ауданында мемлекеттік жастар саясатының жүзеге асырылуы туралы» Байзақ ауданының әкімі Р.Рахманбердиевтің есептері тыңдалса, «Облыс жастарының азаматтық және патриоттық сезімдерін дамыту туралы» «Тараз қаласы Ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектер одағы» ҚБ төрағасы Д.Ермеков хабарлама жасады.

         Кеңес отырысында облыс әкімі К.Көкрекбаев өңірімізде жастар үшін жасалынып жатқан шараларға кеңінен тоқталып, алдағы уақытта қолға алынуы тиіс жұмыстар бойынша тиісті мекемелер мен жергілікті атқарушы органдардың басшыларына, Тараз қаласы мен аудан әкімдеріне нақты міндеттер жүктеп, облысымызда мемлекеттік жастар саясатының іске асырылуын тұрақты бақылауда ұстау керектігін тапсырды.

 

Пікірлер тастау үшін кіріңіз

фы

вф

ыв

115492-preview-image.jpg

Программная статья Главы Государства "Взгляд в будущее: модернизация общественного сознания"