«Рухани жаңғыру» атты автокеруені Жуалы ауданында

Облыс әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасы мен облыстық прокуратураның ұйымдастыруымен жолға шыққан «Рухани жаңғыру!» атты автокеруені ағымдағы жылдың 16 мамырында Жуалы ауданында кең ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Автокеруен мүшелері аудан орталығының алаңында және Күреңбел ауылдық округінде ауыл жастары мен тұрғындарға мемлекеттік қолдау тетіктері, құқықтық мәдениетті арттыру, жастар арасындағы құқық бұзушылық профилактикасы, білім, жұмысқа орналасу, дін, этносаралық келісім, кәсіпкерлік бастамаларды қолдау, ауыл шаруашылығы саласын мемлекеттік қолдау тетіктері, мемлекеттік қызметке орналасу тәртібі, оқу орындарына түсу мүмкіндіктері, тегін медициналық скринингтік тексерулерден өткізу, міндетті медициналық сақтандыру талаптары және т.с.с салаларды қамтыған мәселелер бойынша қабылдаулар өткізді.

Сондай-ақ, шара барысында ақпараттық-әдістемелік материалдар (брошюралар т.с.с.) үлестіріліп, мастер-класстар, толеранттық және діни тақырыптар төңірегінде театрландырылған көріністер көрсетіліп, жеке қабылдаулар мен кездесулер өткізілді.

Жуалы ауданына келген автокеруен мүшелері 1000-ға жуық аудан тұрғындары мен жастарға түрлі сала аясындағы мәселелер бойынша кеңестер берді.

Пікірлер тастау үшін кіріңіз

фы

вф

ыв

115492-preview-image.jpg

Программная статья Главы Государства "Взгляд в будущее: модернизация общественного сознания"