«Рухани жаңғыру» атты автокеруені Жамбыл ауданынан бастау алды

Облыс әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасы мен облыстық прокуратураның ұйымдастыруымен облыстың барлық аудан орталықтары мен елді-мекендерінде, барлық санаттағы жастар мен тұрғындарға түрлі сала аясындағы мәселелер бойынша кең ауқымды түсіндіру жұмыстарын бастаған «Рухани жаңғыру!» атты автокеруені 2017 жылдың 15 мамырында өз жұмысын Жамбыл ауданынан бастады.

Аталған шараға облыстық прокуратура, облыс әкімдігінің білім, кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау, дін басқармалары, Жамбыл облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының хатшылығы, ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті, облыс әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы жанындағы «Жас Отан» Жастар қанаты, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры», «Атамекен» Жамбыл облысы кәсіпкерлер палатасы, жоғары және орта арнаулы оқу орындарының өкілдері мен Батыс, Шығыс, Көкшетау облыстарының жоғары оқу орындарынан арнайы келген өкілдері қатысты.

Автокеруен мүшелері аудан орталығының алаңында жастар мен тұрғындарға мемлекеттік қолдау тетіктері, құқықтық мәдениетті арттыру, жастар арасындағы құқық бұзушылық профилактикасы, білім, жұмысқа орналасу, дін, этносаралық келісім, кәсіпкерлік бастамаларды қолдау, ауыл шаруашылығы саласын мемлекеттік қолдау тетіктері, мемлекеттік қызметке орналасу тәртібі, оқу орындарына түсу мүмкіндіктері, тегін медициналық скринингтік тексерулерден өткізу, міндетті медициналық сақтандыру талаптары және т.с.с салаларды қамтыған мәселелер бойынша қабылдаулар өткізілді.

Сондай-ақ, аталған шара түстен кейін Өрнек ауылдық округінде жалғасын тауып, ауыл жастары мен тұрғындарға кең ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Шара барысында ақпараттық-әдістемелік материалдар (брошюралар т.с.с.) үлестіріліп, мастер-класстар, толеранттық және діни тақырыптар төңірегінде театрландырылған көріністер көрсетіліп, жеке қабылдаулар мен кездесулер өткізілді.

Жамбыл ауданынан басталған автокеруен мүшелері 1000-нан аса аудан тұрғындары мен жастарға кеңестер берді.

Пікірлер тастау үшін кіріңіз

фы

вф

ыв