Облыстық «Айбын» әскери-спорттық ойындары өткізілді

Ағымдағы жылдың 12 мамырында Тараз қаласындағы №85395 әскери бөлімінде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 25 жылдығына орай облыс әкімдігі жастар саясаты мәселелері басқармасының ұйымдастыруымен облыс жастарының арасында облыстық «Айбын» әскери-спорттық ойындары өткізілді.

Аталмыш шара ұрыстың қоян-қолтық жекпе-жек түрі бойынша қойылымымен бастау алып, облыс әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы М.Мәтен және «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің майоры И.Байболовтың құттықтау сөзімен бастау алды.

Әскери-спорттық ойындарға Тараз қаласы мен аудандардан, облыстағы жоғары және орта арнаулы оқу орындарынан 7 команда қатысып, әскери-спорттық ойындардың 10 түрі бойынша сайысқа түсті.

Атап айтқанда, ерлер арасында АК-74 автоматын уақытқа шашып, жинау, плащ түрінде жалпы әскери қорғаныш толымын(ОЗК - общевойсковой защитный комплект) уақытқа киіп, шешу, 1,5 шақырымдық қашықтыққа жүгіру, гір тасын көтеру, турникке тартылу, ал қыздар арасында жерге тіреліп жатып қолдарды бүгу және жазу, АК-74 автоматын уақытқа шашып, жинау, плащ түрінде жалпы әскери қорғаныш толымын(ОЗК - общевойсковой защитный комплект) уақытқа киіп, шешу, 1 шақырымдық қашықтыққа жүгіру бойынша жарысқа түсті.

Ойын қорытындысы бойынша жалпы командалық есепте І орынды Жуалы ауданының командасы иеленсе, ІІ және ІІІ орындарды Талас ауданы мен М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің командалары өзара бөлісті.

Сондай-ақ, әрбір әскери-спорттық ойын түрінен І, ІІ және ІІІ орын иегерлері анықталып, арнайы тағайындалған бағалы сыйлықтар мен дипломдар табыс етілді.

Пікірлер тастау үшін кіріңіз

фы

вф

ыв

115492-preview-image.jpg

Программная статья Главы Государства "Взгляд в будущее: модернизация общественного сознания"