Облыс әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасы Ұлы Отан соғысы ардагерлерін Ұлы Жеңіс күні мерекесімен құттықтады

Ағымдағы жылдың 6 мамырында облыс әкімдігі жастар саясаты мәселелері басқармасының ұжымы Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің құрылғанына 25 жыл және Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің
72 жылдығы қарсаңында
ортамызда жүрген Ұлы Отан соғысының ардагері Н.Ахметов пен С.Егембердиевті Ұлы Жеңіс күні мерекесімен құттықтады.

Шара барысында облыс әкімдігі жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Ұлы Отан соғысының ардагерлерін Ұлы Жеңіс күні мерекесімен құттықтап, ардагерге ерекше құрмет көрсетіп, жылы лебізін білдірді.

Сондай-ақ, волонтер және белсенді жастардың қатысуымен ардагерлердің ерлік істері мен қайсар мінезі жастарға үлгі етіліп, жастардың бойына патриоттық сезімін қалыптастыру, ерлікке тәрбиелеу, Отан үшін өз өмірлерін құрбан етіп, ерліктің үлгісін көрсеткен қаһарман жауынгерлердің және ардагерлердің сұрапыл соғыстағы ерліктері мен өмір жолындағы еңбектері туралы мәліметтер беріліп, үй шаруасына көмек көрсетілді.

Жастар өз кезегінде ән шырқап, ардагердің көңілін бір серпілтіп тастады.

Пікірлер тастау үшін кіріңіз

фы

вф

ыв