Таразда алғаш рет «Аңыз қала» атты квест ойыны өткізілді

Ағымдағы жылдың 7-8 сәуірі күндері Тараз қаласында облыс әкімдігі жастар саясаты мәселелері басқармасының ұйымдастыруымен жастар арасында «ЭКСПО-2017» Халықаралық көрмесін насихаттау, жастардың бойында коммуникативтік және шығармашылық қабілеттерін шыңдау, өз өлкесінің тарихы мен мәдениетін терең білуге тәрбиелеу, логикалық ойлауын, зеректілігін, шапшаңдылығын дамыту, танымдық мәдениеті мен зияткерлігін қалыптастыру мақсатында «Аңыз қала» атты квест ойыныөткізілді.

Аталмыш ойынға облыс орталығындағы жоғары және орта арнаулы оқу орындарынан, аудандардан 16 мен 29 жас аралығындағы құрамы бес адамнан құралған 21 команда қатысып, бақтарын сынады.

Ойын барысында жастар облысымыздың тарихын зерттей отырып әртүлі қызықты жұмбақтарды, логикалық есептерді шешті және локацияларды анықтап, лото тапсырмаларды орындады.

         Ойынның бірінші күнінде қатысушылар ұйымдастырушылар тарапынан берілген тапсырмаларды орындау барысында бірінші нысаннан екінші нысанға жету үшін жасырылған жұмбақтарды шешу арқылы карта маршрутын құрастырып, Тараз қаласындағы тарихи-мәдени орындарға шолу жасады.

         Ал, ойынның екінші күнінде Тектұрмас тау шатқалдарында жасырылған кодтарды карта және компас арқылы анықтады.

         Екі күн бойы бар біліктіліктері мен білімдерін ортаға салған жастардың квест ойынының қорытындысы бойынша жүлделі ІІІ орынды «Қазақстан Студенттері Альянсы» республикалық студенттер қозғалысынан құралған «Жамбыл жастары» командасы еншілесе, ІІ-орын Қазақ-түрік лицейінің «Ninety nine» командасына бұйырды. Сондай-ақ, ойынның жеңімпазы ретінде өңірдің пікірсайысшыларынан құралған «Ғарышкер» командасы танылды.

         Жеңімпаз және жүлдегер командаларға ұйымдастырушылар тарапынан бағалы сыйлықтар табыс етілді.

 

Пікірлер тастау үшін кіріңіз

фы

вф

ыв