Мобильді топ мүшелерінің қатысуымен кездесулер өткізілді

Ағымдағы жылдың 7 сәуірінде жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу және құқықтық сауаттылықтарын арттыру мақсатында құрылған №3 мобильді топ мүшелерінің қатысуымен «Болашақ», Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық, «Ақпараттану, байланыс және технологиялар» колледждерінде кездесулер өткізілді.

Аталған кездесулерде мобильді топ мүшелері есепте тұрған колледж студенттерімен және тәрбиесі қиын топтағылармен құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу жайлы жан-жақты түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Сондай-ақ, әлеуметтік, құқықтық және психологиялық бағыттағы кеңесті қажет ететін жастармен сұхбат жүргізіліп, кеңестер берілді.

Шара барысында студенттер тарапынан қойылған сұрақтарға толыққанды жауаптар берілді.

Пікірлер тастау үшін кіріңіз

фы

вф

ыв