«Мәңгілік ел - Жасыл ел!» атты облыстық жастар сенбілігі өткізілді

Облыс әкімдігі жастар саясаты мәселелері басқармасының ұйымдастыруымен облыс аумағын санитарлық тазарту, көгалдандыру және абаттандыру, күл-қоқыстан арылту, жастардың экологиялық, эстетикалық мәдениетін арттыру, оларды еңбекке, қоршаған ортаны таза ұстауға баулу, болашақта халық игілігіне пайдалану үшін жеміс ағаштарының көшеттерін отырғызу мақсатында ағымдағы жылдың 1 сәуірінде «Мәңгілік ел - Жасыл ел!» атты облыстық жастар сенбілігі өткізілді.
Тараз қаласында өткен жастар сенбілігі Қ.Сарымолдаев атындағы               №1 балалар үйінде облыс әкімінің қатысуымен 60 астам тал отырғызумен бастау алып, «Әулие-ата» Халықаралық әуежайында және №1 қалалық ауруханасында облыс әкімдігі басшылығының, облыстағы жоғары және орта арнаулы оқу орындары студенттері мен қала тұрғындарының қатысуымен
тал-дарақтар мен жеміс ағаштары (алма, алмұрт, декоративті ағаштар) отырғызылды.
Облыстың барлық елді мекендерінде жаппай өткізілген көктемнің алғашқы сенбілігіне облыс жастары мен қала тұрғындары жұмылдырылып, айналаны көгалдандыруға, қала, аудан, ауыл маңдарын, көшелерін тазартуға, спорттық кешендер мен өзен жағалауларын қалпына келтіруге, саябақтар мен құрылыс алаңдарын тазартуға жұмылдырылды.

Пікірлер тастау үшін кіріңіз

фы

вф

ыв