«Жаңғыру жолындағы Жамбыл жастары» тақырыбына басқарма басшысының студент жастармен кездесуі өткізілді

Ағымдағы жылдың 15 наурызында Тараз мемлекеттік педагогикалық институтында«Жаңғыру жолындағы Жамбыл жастары» тақырыбына облыс әкімдігі жастар саясаты мәселелері басқармасы басшысының студент жастармен кездесуі өткізілді.

Аталған кездесуге облыстағы жоғары және орта арнаулы оқу орындарының үздік студенттері мен қоғамдық жұмыстарға атсалысып жүрген белсенді жастар қатысты.

Шара барысында басқарма басшысы Елбасының Қазақстан халқына арнаған кезекті Жолдауын, ҚР «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңының жастар үшін маңызы және Заңнан туындайтын міндеттер, жастарға арналған әлеуметтік қызметтер, жастардың өзін-өзі басқаруы және жастар ұйымдары турасындағы негізгі мәселелер жөнінде кеңінен түсіндіріп, мемлекеттік жастар саясатының іске асырылу барысында осы кезеңге дейін қабылданған заңнамалық құжаттар, жастарға арналған мемлекеттік бағдарламалартурасында жастарға қажетті бірқатар маңызды мәселелер төңірегінде әңгіме өрбітті.

         Еркін форматта өткен кездесуде басқарма басшысы жетістікке жету жолындағы еңбектері мен қызықты оқиғалары турасында ашық әңгіме құрып, бүгінгі қоғамдағы жастардың рөлі және олардың болашағы үшін жасалынып жатқан өңіріміздегі жұмыстар турасында кеңінен түсіндіріп, көкейінде жүрген және басқа да қызығушылық танытқан сұрақтарына тұшымды жауап берді.

         Бейресми кездесуде басқарма басшысы еңбек жолын бастаған кезінен бастап осы күнге дейінгі аралықта жеткен жетістіктері, жастарды мақсат қоя білуге және сол мақсатқа жету жолында аянбай еңбек етуге шақырып, жастарды жігерлендірді.

         Сондай-ақ, кездесуде Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының проректоры О.Джолдасова білім ордасының студенттерінің жетістіктеріне тоқталып өтсе, институттың жастар ісі жөніндегі комитетінің төрағасы Б.Үскембаев комитет жұмысы туралы баяндама жасады.

 

Пікірлер тастау үшін кіріңіз

фы

вф

ыв