Notice: Undefined index: id in /var/www/vhosts/v-22818.webspace/www/ump-zhambyl.kz/modules/mod_falang/helper.php on line 169

Notice: Undefined index: id in /var/www/vhosts/v-22818.webspace/www/ump-zhambyl.kz/modules/mod_falang/helper.php on line 169
Жобаның түпкі ойы
«Болашақ энергиясы» жобасының түпкі ойы тұрақты қуат көздерін басқаруды қамтамасыз ететін шешімдер мен әдістерге қоғамдастық назарын аудару болып табылады.
Кешенді бағдарлама
ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесінің мәдени-ойын-сауықтық және спорттық іс-шараларының кешенді бағдарламасы
100 НАҚТЫ ҚАДАМ
БАРШАҒА АРНАЛҒАН ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ МЕМЛЕКЕТ
ОТКРОЙ ДЛЯ СЕБЯ КАЗАХСТАН С МОБИЛЬНЫМ ПРИЛОЖЕНИЕМ «КАЗАХСТАН - СТРАНА ВЕЛИКОЙ СТЕПИ»
Items filtered by date: July 2017

ОСТЕРЕГАЙТЕСЬ ДЕСТРУКТИВНЫХ РЕЛИГИОЗНЫХ ТЕЧЕНИЙ!

Деструктивные религиозныетечения представляют угрозу общественной безопасности, институту брака и семьи, физическому и психическому здоровью человека.

Их приверженцы:

Published in Объявления

Басқармада сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша 2017 жылы атқарылған іс-шаралар ақпараты

Облыс әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі №234 қаулысымен Қазақстан Республикасының 2015 - 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015 - 2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың жасауын алдын алу мақсатында басшылық тарапынан бақылау, түсіндіру жұмыстары жүргізіліп отырды.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V Заңының 12-бабына сәйкес, басқарма басшысына қабылдауға келген басқарма қызметшілері және жеке тұлғалар мен заңды тұлға өкілдері үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер көрнекі жерге ескерту түрінде орналастырылған. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілік көзқарасты қалыптастыру мақсатында басқарманың арнайы сыбайлас жемқорлыққа қарсы бұрышы орнатылған.

Сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу мен жастар саясаты мәселелері шеңберінде азаматтардың өтініштері мен сұрақтарына тікелей жауап беретін басқарма басшысының арнайы блогы мен басқарманың «сенім телефоны» жұмыс істейді және өтініштер үшін арнайы жәшік орнатылған.

Басқармада сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша
2016 жылы атқарылған іс-шаралар ақпараты

Облыс әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі №234 қаулысымен Қазақстан Республикасының 2015 - 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015 - 2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын іске асыру аясында басқарманың ump-zhambyl.kz ресми сайтында Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» №410-V Заңы, Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы №986 Жарлығы және «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығы орналастырылған.

  Сонымен қоса, сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу мен жастар саясаты мәселелері шеңберінде азаматтардың өтініштері мен сұрақтарына тікелей жауап беретін басқарма басшысының арнайы блогы мен басқарманың «сенім телефоны» жұмыс істеп келеді.

Басқармада сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша
2015 жылы атқарылған іс-шаралар ақпараты

2015 жылы облыс әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңы мен «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын» іске асыру мақсатында басқармада «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын» іске асырудың іс-шаралар жоспары бекітілген.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Жамбыл облысы бойынша департаментімен бірлесе қоғамдағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алуды облыс жастарын тарта отырып жүргізудің бірлескен жұмыс жоспары беткітілген.

Жамбыл облысы әкімдігі жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы міндетін атқарушысының
2017 жылғы «22» мамырдағы №32 бұйрығымен бекітілген

Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттары

Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының (бұдан әрі – Басқарма) осы сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттары Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 10-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды әзірлеудің мақсаты: жастар саясаты мәселелері саласында сыбайлас жемқорлықты ескертуге бағытталған ұсынымдар жүйесін құру болып табылады.

  1. Қоғамдық қатынастар саласының атауы – жастар саясаты мәселелері саласы.
  2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды әзірлеуші орган атауы - Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасы.
  3. Басқарма қызметкерінің мінез-құлық (іс-қимыл) тәртібі.

Ағымдағы жылдың 27 маусымында облыс әкімі К.Көкрекбаевтың төрағалығымен облыс әкімдігі жанындағы жастар ісі жөніндегі Кеңес отырысы өткізілді.

Кеңес отырысында «Облыста жастар саясатының іске асырылу барысы туралы» облыс әкімдігі жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы М.Мәтен, «Облыс жастары арасында спорттың дамуы және бұқаралық спортқа жастарды тарту бағытында атқарылған жұмыстар туралы» облыс әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Г.Қайнарбеков, «Байзақ ауданында мемлекеттік жастар саясатының жүзеге асырылуы туралы» Байзақ ауданының әкімі Р.Рахманбердиевтің есептері тыңдалса, «Облыс жастарының азаматтық және патриоттық сезімдерін дамыту туралы» «Тараз қаласы Ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектер одағы» ҚБ төрағасы Д.Ермеков хабарлама жасады.

Published in Новости

           Ағымдағы жылдың 27 маусымында облыс әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасы мен дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен Тараз қаласындағы «Тараз-Арена» спорт кешенінде облыстағы еңбек жастары арасында «Жастар нашақорлыққа қарсы!» атты облыстық спартакиадасы өткізілді.

Published in Новости

Ауылдық жерлерде «Дипломмен ауылға!» бағдарламасы арқылы жұмыс жасайтын жас мамандар мен еңбек жастарын ынталандыру және қолдау мақсатында ағымдағы жылдың 26 маусымында облыс әкімдігі жастар саясаты мәселелері басқармасының ұйымдастыруымен М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде «Жастар - ауылға!» атты облыстық жастар форумы өткізілді.

Published in Новости

фы

вф

ыв

115492-preview-image.jpg

Программная статья Главы Государства "Взгляд в будущее: модернизация общественного сознания"