Подробнее на сайте: https://daoconstruct.ruhttps://buildthehouse.ruhttps://inedvijimosti.ruhttps://fullconstruct.ru
https://currenthouse.ruhttps://primohouse.ruhttps://thehousebuilder.ru https://samsdelairemont.ruhttps://buildbighouse.ru https://sdelaisvoidom.ru https://zedconstruct.ruhttp://repair-yourself.ruhttps://dohomebuild.ruhttps://econedvijimosti.ruhttps://houseconstruct.ru
Жобаның түпкі ойы
«Болашақ энергиясы» жобасының түпкі ойы тұрақты қуат көздерін басқаруды қамтамасыз ететін шешімдер мен әдістерге қоғамдастық назарын аудару болып табылады.
Кешенді бағдарлама
ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесінің мәдени-ойын-сауықтық және спорттық іс-шараларының кешенді бағдарламасы
100 НАҚТЫ ҚАДАМ
БАРШАҒА АРНАЛҒАН ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ МЕМЛЕКЕТ
ОТКРОЙ ДЛЯ СЕБЯ КАЗАХСТАН С МОБИЛЬНЫМ ПРИЛОЖЕНИЕМ «КАЗАХСТАН - СТРАНА ВЕЛИКОЙ СТЕПИ»

ДЕСТРУКТИВТІ ДІНИ АҒЫМДАРДАН САҚ БОЛЫҢЫЗ!

Published in Объявления
06 July 2017
Rate this item
(0 votes)

ДЕСТРУКТИВТІ ДІНИ АҒЫМДАРДАН

САҚ БОЛЫҢЫЗ!

Деструктивті діни ағымдар қоғамдық қауіпсіздікке, неке және отбасы институтына, адам денсаулығына қатер төндіреді.

Олардың жақтастары:

-                    Қазақстанда тұратын барлық этностардың ұлттық құндылықтары мен салт-дәстүрлерін (Наурыз мейрамын тойлауды, қазақ халқының «бет ашар», «сәлем салу» салттарын, өмірден озған жандарға Құран бағыштауды және т.б.) жоққа шығарады;

-                    зайырлы мемлекеттерге және зайырлы өмір сүру салтына қарсылық танытады;

-                    мемлекеттік рәміздерді және мемлекеттік мерекелерді құрметтемейді;

-                    мазхабтарды (Орталық Азияда және мұсылман әлемінің басқа да аймақтарында орныққан діни мектептерді), оның ішінде Қазақстанның көпшілік мұсылмандары ұстанатын ханафи мазхабын жоққа шығарады;

-                    дәстүрлі исламды ұстанатын мұсылмандарды күпірлік жасайды да айыптайды, өзге діндердің өкілдері мен дінді ұстанбайтын адамдарға төзімсіздік танытады;

-                    заманауи мәдениет және өнер түрлеріне (музыка, балет, бейнелеу өнері және т.б.) өшпенділік танытады;

-                    заңда белгіленген міндеттерді (әскерде қызмет ету, міндетті орта білім алу және т.б.)орындаудан бас тартады;

-                    медициналық рәсімдердің кейбір түрлерінен (қан құю, вакцинация, ағза мүшелерін трансплантациялау және т.б.) бас тартады;

-                    білім мекемелеріндегі жекелеген пәндерге (биология, дене шынықтыру, ән-күй, сурет салу және т.б.) қатыспауға шақырады.

      

ҚР ДІАҚМ Дін істері комитеті

               

Пікірлер тастау үшін кіріңіз

фы

вф

ыв

115492-preview-image.jpg

Программная статья Главы Государства "Взгляд в будущее: модернизация общественного сознания"