Подробнее на сайте: http://free-health.ru http://more-health.ruhttp://grand-business.ru http://grand-medicine.ruhttp://rich-health.ruGo to top of pagehttp://medicine-plus.ruGo to top of pagehttp://israeli-medicine.ruhttp://live-medicine.ruhttp://begin-travel.ru http://mellmo.ru http://firstmedicine.ru http://german-medicine.ruhttp://pilot-in2it.ruhttp://free-medicine.ru
http://natural-treatment.ru
Жобаның түпкі ойы
«Болашақ энергиясы» жобасының түпкі ойы тұрақты қуат көздерін басқаруды қамтамасыз ететін шешімдер мен әдістерге қоғамдастық назарын аудару болып табылады.
Кешенді бағдарлама
ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесінің мәдени-ойын-сауықтық және спорттық іс-шараларының кешенді бағдарламасы
100 НАҚТЫ ҚАДАМ
БАРШАҒА АРНАЛҒАН ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ МЕМЛЕКЕТ
ОТКРОЙ ДЛЯ СЕБЯ КАЗАХСТАН С МОБИЛЬНЫМ ПРИЛОЖЕНИЕМ «КАЗАХСТАН - СТРАНА ВЕЛИКОЙ СТЕПИ»

Жамбыл облысының жас ғалымдары арасында өтетін «Болашақ энергиясы» тақырыбындағы конференцияның ЕРЕЖЕСІ

Published in Объявления
13 February 2017
Rate this item
(0 votes)

Жамбыл облысының жас ғалымдары арасында өтетін

«Болашақ энергиясы» атты конференцияның

ЕРЕЖЕСІ

І. Жалпы ережелер

Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасы және М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің Жас ғалымдар Кеңесі облыс жастарының білім, ғылымға деген қызығушылығын арттыру, жас ғалымдар мен дарындыларды анықтау және оларға қолдау көрсету мақсатында «Астана ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесіне орай облыстық «Болашақ энергиясы» тақырыбындағы конференциясын өткізеді.

II. Конференцияның негізгі міндеттері:

- «Астана ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесін насихаттау және қолдау;

- жастар арасында ғылыми ойлауды жетілдіру және ғылымды дәріптеу;

- облыс жастарының зияткерлігін қалыптастыру және жағдай жасау;

- ең үздік жұмыс авторларын анықтау және марапаттау;

- конференцияның үздік деп танылған жұмыстарын «Астана ЭКСПО-2017» көрмесіне және өндіріске ұсыну.

ІII. Конференцияның негізгі талаптары:

1. Конференцияға жасы 14-тен 35-ке дейінгі Жамбыл облысының жас ғалымдары (авторлық ұжымдар) қатыса алады.

2. «Астана ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесі тақырыптарының бағыттарына сәйкес конференция келесі секциялар бойынша өткізіледі:

№ п/п Секциялар
1 Әлеуметтік ғылымдар
2 Құқықтану
3 Экономика және бизнес
4 Жаратылыстану ғылымдары
5 Техникалық ғылымдар және технологиялар
6 Ауылшаруашылық ғылымдары

3. Конференция 2 кезеңмен өтеді:

1) Іріктеу кезеңі;

2) Қорытынды кезең.

  1. :
  2. Жұмыстың өзектілігі;
  3. Жұмыстың бірегейлігі;
  4. Жұмыстың ғылыми жаңалығы;
  5. Жұмыстың практикалық құндылығы;
  6. Автордың қосқан жеке үлесі;
  7. Өндіріс процесінде қолданылу мүмкіндігі.

5. Баяндамалар ұйымдастыру комитетіне 2017 жылғы 22 ақпаннан кешіктірілмей қолма-қол қағаз форматында және электрондық нұсқасы Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. электрондық мекенжайына жолданылуы қажет.

6. Конференцияға қатысушы ұйымдастыру комитетіне ақаласын ұсынады және өтінім формасын толтырып өткізеді.

IV. Баяндамаға қойылатын талаптар

Жинақ шығару үшін конференция тақырыбына сәйкес келетін көлемі
3-5 беттен тұратын мақалалар қабылданады.

Жұмыс дербес немесеқатысушыларының саны 3 адамнан көп емес авторлық ұжыммен орындалуы мүмкін.

Конференция – қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі.

Жұмыс Microsoft Word редакторында орындалуы тиіс. Бағыттау парағы – кітапша, форматы А4, парақтың периметрі бойынша барлық жиектері 2 см,
қаріп -Times New Roman, қаріп мөлшері – 14 пт, жоларалық интервал-бірлік, парақты ені бойынша туралау, азат жол шегінісі -1 см, («Tab» немесе «Бос орын» пернелерін қолданбай). Парақтар нөмірленбейді.

Суреттер анық және айқын көрінуі керек. Суреттердің атауы мен номерлері суреттердің төменгі жағында, ал кестенің атау мен номері кестенің жоғарғы жағында көрсетілуі қажет.Кестелер, сызбалар, суреттер мен формулалар көрсетілген нақты шектерден аспауы тиіс.

Әдебиеттер тізімі міндетті түрде көрсетілуі қажет. Мәтіндегі деректер сілтемесі әдебиеттер тізіміне сәйкес квадратты жақша ішінде белгіленуі қажет, мысалы: [1].

Тақырыпбын, мақала мәтінін және әдебиеттер тізімін рәсімдеу үлгісі

ӘӨЖ

Күн энергетикасы-болашақтың энергиясы

А.Нұртасов,

М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Тараз қаласы.

Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

Мәтін, Мәтін, Мәтін, Мәтін, Мәтін, Мәтін, Мәтін, Мәтін, Мәтін, Мәтін, Мәтін, Мәтін [1]

Әдебиеттер

1.

2.

V. Конференцияның өткізілу тәртібі

1. Жұмыстарға сараптама жүргізу үшін арнайы сараптамалық комиссия құрылады. Оның құрамына Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының, басқа да мүдделі басқармалардың және облыстың ЖОО-да құрылған Жас ғалымдар Кеңестерінің өкілдері кіреді.

2. Іріктеу кезеңінде сараптамалық комиссияға қойылған талаптарға сәйкес рәсімделген қатысушылардың жұмыстары ұсынылып, ұсынылған материалдардың негізіне сәйкес қорытынды кезеңнің қатысушылар тізімі жасақталады (6-7 жұмыс). Ақтық кезеңге өткен жұмыстардың авторлары бұл шешім туралы қосымша хабарланады.

3. Іріктеу кезеңінен өтпей қалған жұмыстар (сараптамадан өтпеген материалдар, дұрыс ресімделмеген немесе берілген талаптар бұзылған, толық емес және мерзімінен кешіктірілген) 2-ші кезеңге жіберілмейді.

4. Конференцияның қорытынды кезеңінде баяндамалар пленарлық отырыста қорғалады. «Болашақ энергиясы» конференциясының пленарлық отырысы 2017 жылғы 24 ақпанда М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде өтеді.

5. Авторға баяндаманы таныстыру үшін 10 минут уақыт беріледі.

6. Екі кезеңде де аппеляция қарастырылмайды.

7. «Болашақ энергиясы» конференциясының пленарлық отырысына жіберілген барлық жұмыстар дипломдар мен естелік сыйлықтармен марапатталады.

Анықтама үшін: Тараз қаласы, Желтоқсан көшесі, №78, 5-қабат, №520 кабинет Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасы. Байланыс телефоны: 8(7262) 43-19-66.

VI. «Болашақ энергиясы» конференциясына

қатысуға өтініш

  1. Автор(лар)дың аты-жөні (толық)__________________________________
  2. Жұмыс орны (оқу орны), қызметі__________________________________
  3. Мекенжайы (жұмыс немесе оқу орнының)__________________________
  4. Байланыс телефондары__________________________________________
  5. Е-mail (міндетті түрде) __________________________________________
  6. Баяндаманың атауы ____________________________________________
  7. Техникалық жабдықтардың қажеттілігі (проектор)___________________
Пікірлер тастау үшін кіріңіз

фы

вф

ыв

115492-preview-image.jpg

Программная статья Главы Государства "Взгляд в будущее: модернизация общественного сознания"