Жобаның түпкі ойы
«Болашақ энергиясы» жобасының түпкі ойы тұрақты қуат көздерін басқаруды қамтамасыз ететін шешімдер мен әдістерге қоғамдастық назарын аудару болып табылады.
Кешенді бағдарлама
ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесінің мәдени-ойын-сауықтық және спорттық іс-шараларының кешенді бағдарламасы
100 НАҚТЫ ҚАДАМ
БАРШАҒА АРНАЛҒАН ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ МЕМЛЕКЕТ
ОТКРОЙ ДЛЯ СЕБЯ КАЗАХСТАН С МОБИЛЬНЫМ ПРИЛОЖЕНИЕМ «КАЗАХСТАН - СТРАНА ВЕЛИКОЙ СТЕПИ»

Басқармада сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша 2015 жылы атқарылған іс-шаралар ақпараты

Басқармада сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша
2015 жылы атқарылған іс-шаралар ақпараты

2015 жылы облыс әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңы мен «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын» іске асыру мақсатында басқармада «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын» іске асырудың іс-шаралар жоспары бекітілген.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Жамбыл облысы бойынша департаментімен бірлесе қоғамдағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алуды облыс жастарын тарта отырып жүргізудің бірлескен жұмыс жоспары беткітілген.

Атап айтқанда, іс-шаралар жоспарына сәйкес, 2015 жылы басшының аудандарға іссапары барысында жұмысшы, құрылысышы, кәсіпкер, ауыл жастары, білім, денсаулық, мәдениет салаларының мамандарымен, жергілікті жерлердегі «Жас тұлпар» жас мемлекеттік қызметшілермен, орта мектеп бітіруші түлектермен кездесулер өткізіліп, мемлекеттік жастар саясатының жергілікті жерде жүргізілу барысы зерделеніп, ауыл (қала) жастары арасында «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы» кеңінен түсіндірілді.

Назарбаев Зияткерлік мектебінде облыстағы үкіметтік емес жастар қоғамдық бірлестіктерінің көшбасшыларымен, жоғары және орта арнаулы оқу орындарының жастар ісі жөніндегі комитет жетекшілерімен, белсенді студент жастармен кездесу өткізілді.

Кездесу барысында «Жемқорлықпен күрес – елге тиген үлес» тақырыбына пікірсайыс ойыны ұйымдастырылса, шығармашыл жастар «Жемқорлық жастардың көзімен» тақырыбына түрлі суреттер салды.

Партия облыстық филиалы ғимаратының мәжіліс залында басқарма, облыстық (қалалық) «Жастар ресурстық орталығы» қызметкерлерімен, облыстағы үкіметтік емес жастар қоғамдық бірлестіктерінің көшбасшыларымен, жоғары және орта арнаулы оқу орындарының жастар ісі жөніндегі комитет жетекшілерімен және белсенді студент жастармен семинар өткізілді.

Семинар барысында «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңының талаптарын түсіндіру мақсатында дәріс оқылып, жауаптар берілді.

2015 жылдың 24 шілдесінде «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңының талаптарын түсіндіру, облыстағы үкіметтік емес жастар қоғамдық бірлестіктерінің көшбасшыларымен, облыстық, қалалық «Жастар ресурстық орталықтары» қызметкерлерімен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында «Парасыз қоғам» тақырыбына «дөңгелек үстел» отырысы өткізілді.

Шара барысында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға байланысты бейне роликтер көрсетіліп, осы тұрғыдағы ойларымен көпшілік талқысына салынды.

2015 жылдың 19-23 тамызы аралығында Жуалы ауданы Берікқара тау шатқалында орналасқан «Тау самалы» лагерінің базасында Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясаты туралы Заңын іске асыру және өңірімізде тойланатын Қазақ хандығының 550 жылдығын жастар арасында кеңінен насихаттау арқылы отансүйгіштікке тәрбиелеу, өткенімізді еске түсіре отырып, болашаққа бағдар беруге баулу мақсатында Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығына орай «ТАРАЗ - ТАРИХИ МЕКЕНІМ!» атты облыстық жастар оқыту лагері өткізілді.

Аталмыш лагерде ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Жамбыл облысы бойынша Департаментінің өкілі «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңының талаптарын түсіндіріп, мемлекеттік қызметте жүрген жастар үшін бұл шараның тәжірибе алаңына айналатындығына сенім білдірді.

2015 жылдың 11 желтоқсанында облыс әкімдігі жастар саясаты мәселелері басқармасының ұйымдастыруымен Халықаралық сыбайлас жемқорлықпен күрес күні аясында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің тиімділігін арттыру жолдары» тақырыбына «дөңгелек үстел» отырысы өткізілді.

Шара барысында «Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы» республикалық қоғамдық бірлестігі Жамбыл облыстық филиалының төрағасы Қ.Төлендиев, Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының идеология және қоғаммен байланыс жөніндегі департамент басшысы О.Сәлімбаев, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Жамбыл облысы бойынша департаментінің консультанты Б.Бегалиев және облыс әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Е.Құралбаев «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңының талаптарын түсіндіру, жастарды жемқорлықсыз қоғам қалыптастыруға шақыру мақсатында дәріс оқып, жемқорлық жайлы ойларымен бөлісіп, оның алдын қалай алуға болатыны жайлы пікірлерін жеткізіп, жастардың көкейіндегі сұрақтарға тұшымды жауаптар берді.

Жергілікті жерлерде де «Жастар ресурстық орталықтарының» ұйымдастыруымен жоғары және орта арнаулы оқу орындары студенттері мен мектеп оқушылары арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында арнайы мамандардың қатысуымен 200-ге жуық кездесулер, «дөңгелек үстел» отырыстары өткізілді.

Сыбайлас жемқорлық ұғымын және сыбайлас жемқорлықтың орын алу фактілері туралы түсіндірме ақпараттар мекемеде орналастырылған және «сенім телефонының», жеке және заңды тұлғалардың арыздары мен хаттарына арналған пошта жәшіктерінің оңтайлы жұмыс істеуі қамтамасыз етілген. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы қолданудың тиімділігін арттыру және оны жетілдіру бойынша арнайы мамандардың қатысуымен басқарма және облыстық «Жастар ресурстық орталығы» қызметкерлерімен кездесулер өткізіліп отырған.

Авторизуйтесь, чтобы получить возможность оставлять комментарии

Госсимволы

флаг и тп

 

 

ааа

фф

115492-preview-image.jpg

Программная статья Главы Государства "Взгляд в будущее: модернизация общественного сознания"