Жобаның түпкі ойы
«Болашақ энергиясы» жобасының түпкі ойы тұрақты қуат көздерін басқаруды қамтамасыз ететін шешімдер мен әдістерге қоғамдастық назарын аудару болып табылады.
Кешенді бағдарлама
ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесінің мәдени-ойын-сауықтық және спорттық іс-шараларының кешенді бағдарламасы
100 НАҚТЫ ҚАДАМ
БАРШАҒА АРНАЛҒАН ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ МЕМЛЕКЕТ
ОТКРОЙ ДЛЯ СЕБЯ КАЗАХСТАН С МОБИЛЬНЫМ ПРИЛОЖЕНИЕМ «КАЗАХСТАН - СТРАНА ВЕЛИКОЙ СТЕПИ»

Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттары

  • Жамбыл облысы әкімдігі жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы міндетін атқарушысының
    2017 жылғы «22» мамырдағы №32 бұйрығымен бекітілген

    Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттары

    Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының (бұдан әрі – Басқарма) осы сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттары Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 10-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді.

    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды әзірлеудің мақсаты: жастар саясаты мәселелері саласында сыбайлас жемқорлықты ескертуге бағытталған ұсынымдар жүйесін құру болып табылады.

    1. Қоғамдық қатынастар саласының атауы – жастар саясаты мәселелері саласы.
    2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды әзірлеуші орган атауы - Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасы.
    3. Басқарма қызметкерінің мінез-құлық (іс-қимыл) тәртібі.
  • 3.1 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар қозғайтын саладағы жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделері мен құқықтарын іске асыру кезінде басқарма қызметкеріне тыйым салынады:

    1. кәсіпкерлік және кіріс алумен байланысты өзге де қызметті жүзеге асыруда кімге болмасын Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделмеген кез келген жәрдем көрсетуге;
    2. Қазақстан Республикасының заңнамасында жеке және заңды тұлғаларға ұсынылуы көзделген ақпаратты беруден негізсіз бас тартуы не оны кешіктіріп беруі, анық емес немесе толық емес ақпарат беруге;
    3. Қазақстан Республикасының заңнамасында жеке және заңды тұлғалардың ұсынуы көзделмеген ақпаратты олардан талап етуге;
    4. жеке және заңды тұлғаларға құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыруына ашық кедергі жасауға;
    5. егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, өздерінің мемлекеттік немесе соған теңестірілген функцияларын атқарғаны үшін өзі оларда тиісті функциялар атқармайтын ұйымдардан, сондай-ақ жеке тұлғалардан ақша, көрсетілетін қызметтер түрінде және өзге де нысандарда кез келген сыйақыны қабылдауға;
    6. басқарманың беделіне нұқсан келтіруі мүмкін жанжалды жағдайларға жол беруге;
    7. мемлекеттік функцияларды орындау кезінде алынған ақпаратты, егер мұндай ақпарат ресми таратылуға жатпайтын болса, мүліктік немесе мүліктік емес игіліктер мен артықшылықтар алу үшін пайдалануға.
    8. 2 Өз құзіреті шегінде басшылық және басқа да шешімдерді қабылдау кезінде басқарма қызметкеріне тыйым салынады:
    9. шешімдерді дайындау мен қабылдау кезінде жеке және (немесе) заңды тұлғаларға құқыққа сыйымсыз қолдау көрсетуге;
    10. Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы және (немесе) қызметтік өкілеттіктерді орындауға қатысы жоқ бұйрықтар мен нұсқаулар беруге;
    11. өзінің лауазымдық өкілеттіктерін жеке өзінің не жақын туыстары мен жекжаттарының материалдық мүдделерін қанағаттандырумен байланысты мәселелерді шешу кезінде пайдалануға;
    12. мемлекеттік қызметке кіру және мемлекеттік қызмет бабында ілгерілету кезінде заңда көзделмеген артықшылықтар беруге (тамыр-таныстық, туыстық, отбасылық жақындық);
    13. басқа мемлекеттік органдардың, ұйымдардың қызметіне құқыққа сыйымсыз араласуға;
    14. бағынысты қызметкерлер арасында еңбек жүктемесінің әркелкі бөлінуіне жол беруге;
    15. бағынысты қызметкерлердің қызметін бағалауда, сонымен қатар оларға көтермелеу және жаза беруде объективті емес көзқарас пен әділетсіздік танытуға;
    16. өздерінің мемлекеттік немесе соған теңестірілген функцияларын атқаруға байланысты қызмет бабында өздеріне тәуелді мемлекеттік қызметшілерден және өзге адамдардан жалпы қамқорлығы немесе қызмет бабында бетімен кетушілік үшін сыйлықтарды немесе көрсетілетін қызметтерді қабылдауға;
    17. жеке сипаттағы мәселелерді шешу кезінде мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, мемлекеттік қызметшілер мен өзге де адамдардың қызметіне ықпал ету үшін өзінің қызметтік жағдайын пайдалануға;
    18. қарамағындағы қызметкерлерді сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға мәжбүрлеуге;
    19. қарамағындағы қызметкерлерді қызметтік емес немесе жеке тапсырмаларды орындау үшін тартуға.
    20. 3 Нормативтік құқықтық актілер жобаларын әзірлеу кезінде басқарма қызметкерлерімен әзірленген нормативтік құқықтық актілер жобалары:
    21. азаматтардың заңмен белгіленген құқықтары мен еркіндіктерін шектемеуі;
    22. заңды тұлғалардың заңды мүдделерін бұзбауы;
    23. жоғары деңгейдегі нормативтік құқықтық актілерге қайшы келмеуге;
    24. нормативтік құқықтық актілерді шығарған орган құзіреті аясынан шықпауы тиіс.
    25. Басқа да шектеулер мен тыйым салулар
      1. 1 Басқарма қызметкерлеріне тыйым салынады:

    1) өкiлдi органның депутаты болуға;

    1. Басқарма қызметкері:
    2. мемлекет мүддесіне нұқсан келтіретін, мемлекеттік органдардың жұмыс істеу тиімділігіне кедергі жасайтын немесе тиімділігін төмендететін іс-әрекеттерге қарсы тұруға;
    3. сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықтарға жол бермеуге, сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұруға және басқа мемлекеттік қызметшілер тарапынан болған сыбайлас жемқорық фактілерін тыюға;
    4. өзінің іс-әрекетімен және мінез-құлқымен қоғам тарапынан айтылатын сынға себепкер болмауға, сынағаны үшін қудалауға жол бермеуге, орынды сынды кемшіліктерді жою мен өзінің қызметін жақсарту үшін пайдалануға;
    5. Басшы мен оның орынбасарлары арасында функционалдық міндеттерін бөлу кезінде басты өкілеттіктерге басшылық жасаудың бір лауазымды тұлғада шоғырлануын болдырмауға;
    6. құжаттардың уақтылы және сапалы орындалуын қамтамасыз етуге, жоғалу, фальсификация (жалғандық жасау), орындамау және негізсіз қайтару мүмкіндіктерін болдырмауға;
    7. қылмыстық істер бойынша іс жүргізуде айыпталушы, күдікті, куәгер және/немесе басқа да қылмыстық процесске қатысушы тұлға ретінде тартылғаны жөнінде мәлім болған кезден бастап келесі күннен кешіктірмей басшысын жазбаша түрде ескертуге, сонымен қатар мәлім болған сыбайлас жемқорлық фактілері туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл органдарына және басшысына хабарлауға .
    8. басқармақызметіне қатысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін байқаған жағдайда басшысына ақпарат беруге;
    9. жалпы қабылданған моральдік-әдептілік нормаларын сақтауға және жұмыстан тыс уақытта сыбайлас жемқорлық іс әрекеттерін болдырмауға;
    10. басшысы мен әріптестеріне әділ шешім қабылдауларына әсерін тигізуі мүмкін, қарым-қатынастың белгіленген тәртібін бұзатын заңсыз өтініш жасаудан аулақ болуға;
    11. мүдделер қақтығысын болдырмауға және оларды реттеуге шара қабылдауға;
    12. қызметкерлерді жоғары тұрған қызметке тағайындау кезінде меритократиялық принципті ұстануға;
    13. кадрларды іріктеу кезінде Қазақстан Республикасы заңнамаларының талаптарын сақтауы тиіс.
    Авторизуйтесь, чтобы получить возможность оставлять комментарии

    Госсимволы

    флаг и тп

     

     

    ааа

    фф

    115492-preview-image.jpg

    Программная статья Главы Государства "Взгляд в будущее: модернизация общественного сознания"