Жобаның түпкі ойы
«Болашақ энергиясы» жобасының түпкі ойы тұрақты қуат көздерін басқаруды қамтамасыз ететін шешімдер мен әдістерге қоғамдастық назарын аудару болып табылады.
Кешенді бағдарлама
ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесінің мәдени-ойын-сауықтық және спорттық іс-шараларының кешенді бағдарламасы
100 НАҚТЫ ҚАДАМ
БАРШАҒА АРНАЛҒАН ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ МЕМЛЕКЕТ
ОТКРОЙ ДЛЯ СЕБЯ КАЗАХСТАН С МОБИЛЬНЫМ ПРИЛОЖЕНИЕМ «КАЗАХСТАН - СТРАНА ВЕЛИКОЙ СТЕПИ»

Басқармада сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша 2017 жылы атқарылған іс-шаралар ақпараты

Басқармада сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша 2017 жылы атқарылған іс-шаралар ақпараты

Облыс әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі №234 қаулысымен Қазақстан Республикасының 2015 - 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015 - 2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың жасауын алдын алу мақсатында басшылық тарапынан бақылау, түсіндіру жұмыстары жүргізіліп отырды.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V Заңының 12-бабына сәйкес, басқарма басшысына қабылдауға келген басқарма қызметшілері және жеке тұлғалар мен заңды тұлға өкілдері үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер көрнекі жерге ескерту түрінде орналастырылған. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілік көзқарасты қалыптастыру мақсатында басқарманың арнайы сыбайлас жемқорлыққа қарсы бұрышы орнатылған.

Сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу мен жастар саясаты мәселелері шеңберінде азаматтардың өтініштері мен сұрақтарына тікелей жауап беретін басқарма басшысының арнайы блогы мен басқарманың «сенім телефоны» жұмыс істейді және өтініштер үшін арнайы жәшік орнатылған.

2017 жылдың 4 қаңтарында №2 бұйрыққа сәйкес, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың 2017 жылға арналған іс-шаралар жоспары» бекітілген.

Басқарма қызметкерлерінің жыл сайынғы салық органдарына табысын жариялау бойынша декларациялары тапсырылған.

Басқармада сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық деңгейін анықтау мақсатында тұрақты түрде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіліп отырады. Ағымдағы жылдың
1 және 2 тоқсаны бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіліп, облыс әкімі аппаратына жолданған.

2017 жылғы 22 мамырдағы «Жамбыл облысы әкімдігі жастар саясаты мәселелері басқармасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарын бекіту туралы» басқарма басшысының №32 бұйрығына сәйкес, басқарманың сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттары бекітілген және басқарма қызметкерлеріне таныстырылған.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 234 қаулысымен Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының 5-тармағына сәйкес,Басқарманың ump-zhambyl.kz ресми сайтында Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» №410-V Заңы, Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы №986 Жарлығы және «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығы орналастырылған.

Жоспардың 25-тармағына сәйкес, 2017 жылдың 11 сәуірінде облыс әкімдігі жастар саясаты мәселелері басқармасының ұйымдастыруымен «Тараз техника және бизнес», «Парасат» колледждерінде студенттер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытында «Парасыз қоғам» тақырыбына студент жастармен кездесу өткізілді. Қатысушылар саны: 85 адам.

2017 жылдың ақпан-наурыз айларында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына кезекті Жолдауынан туындайтын міндеттерді түсіндіру мақсатында облыс елді мекендеріне шыққан «Елбасы Жолдауы - жаңғырудың жаңа кезеңі» атты ақпараттық автокеруні аясында облыс әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасы мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері Министрлігі Жамбыл облысы бойынша департаментінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы құқықтық нормативтік актілерінің өзгерісі туралы, мемлекеттік қызметшілерді қолданыстағы заңнама талаптары, «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын» кеңінен түсіндіріп өтті.

Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 15-30 мамыры аралығында облыс әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасы мен облыстық прокуратураның ұйымдастыруымен бастау алған «Рухани жаңғыру!» атты автокеруені аясында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері Министрлігі Жамбыл облысы бойынша департаментінің қызметкерлері тарапынан облыстың барлық аудандары мен Тараз қаласында, елді-мекендерде барлық санаттағы жастар мен тұрғындарға аталған мәселе бойынша кең ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

2017 жылдың 2 маусымында Жамбыл ауданы, Жамбыл ауылдық округі, Бесжылдық ауылында басқарма басшысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөнінде ауыл тұрғындарымен және жастарымен кездесуі, сондай-ақ, жеке қабылдауы өткізілді.

Шара барысында басқарма басшысы Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы мен «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын» іске асыру талаптары, Заңнан туындайтын міндеттер турасында ауыл тұрғындары мен жастарды хабардар етті. Қатысушылар саны: 50 адам.

Ағымдағы жылы Тараз қаласы мен аудандардағы «Жастар ресурстық орталықтарының» ұйымдастыруымен жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытында жоғары және орта арнаулы оқу орындары мен мектеп оқушылары арасында «Жемқорлық - қоғамның өзекті мәселесі», «Жемқорлыққа жол жоқ!» тақырыбына 50-ге жуық кездесулер, «дөңгелек үстел» отырыстары мен жастар акциялары өткізілуде.

Сондай-ақ, ағымдағы жылы басқарманың мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы шеңберінде «Жастар арасында құқық бұзушылық пен қылмыстың және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу профилактикасы бойынша мақсатты іс-шаралар өткізу және жастардың электораттық сауаттылығы мен белсенділігін арттыру, оқыту» тақырыбына тиісті жұмыстар жүргізу көзделуде.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы қолданудың тиімділігін арттыру және оны жетілдіру бойынша арнайы мамандардың қатысуымен басқарма және облыстық «Жастар ресурстық орталығы» қызметкерлерімен кездесулер тұрақты өткізілуде.

Басқарма тарапынан жүргізіліп жатқан іс-шаралар БАҚ-да және басқарманың ресми сайтында жарияланып тұрады.

Бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар: есепті кезеңде 28.01.2017 ж. «Шұғыла – Радуга» газеті, №9 (5619) «Рейд ұйымдастырылды» - И.Қалыбековтың «Сыбайлас жемқорлықпен күрес – баршаға ортақ іс» тақырыбына жүргізілген сауалнамасы, 07.02.2017 ж., «Жаңа өмір – Новая жизнь» газеті, №14 (8701) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білімгерлердің көзқарасы» - авт. Ж.Ережеп, 04.04.2017 ж. – «Жаңа өмір - Новая жизнь» газеті, №31 (8718), «Сыбайлас жемқорлықтың пайда болуының алғы шарттарын азайту» авт. Р.Ахметов, 25.05.2017 ж. – «Арай» жастар газеті, №20 (604) «Жас мемлекеттік қызметшілер жайы жан-жақты талқыға түсті», 31.05.2017 ж. – «Шұғыла-Радуга» газеті, №44 (5654) авт. Ж.Көшкінбай - «Рухани жаңғыру» атты мақалалары жарық көрді.

Есепті кезеңде басқармаға жеке және заңды тұлғалардан
72 өтініш келіп түсті, оның ішінде 6 жеке тұлғалардан, 66 өтініш заңды тұлғалардан. Өтініштерге мерзімін бұзып жауап беру айғақтары тіркелген жоқ.

2016 жылдың 1 жарты жылдығында басқарма тарапынан мемлекеттік сатып алу туралы шарт шеңберіндегі міндеттерді мерзімінде орындамау деректері бойынша 2 өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар деп тану үшін Жамбыл облысы мамандандырылған экономикалық сотына талап арыз берілген, соның ішінде 1 өнім берушіге келісім шарт міндеттемелерін орындамағаны және кешіктірген 15 күні үшін тұрақсыздық айыппұлын өндіріп алу бойынша талап арыз берілген.

Аталған талап арыздың 1-уі сот шешімімен қанағаттандырусыз қалдырылып, 1-уі бойынша өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану және келісім шарт міндеттемелерін орындамағаны және кешіктірген күндері (15 күні) үшін тұрақсыздық айыппұлын өндіру туралы сот шешімі шықты.

Есептік кезең аралығында жеке және заңды тұлғалардың тарапынан басқарманың мемлекеттік қызметшілеріне қатысты заң бұзушылық туралы арыз-шағымдар түскен жоқ және сыбайлас жемқорлық сипатта құқық бұзушылық фактілері орын алған жоқ.

Авторизуйтесь, чтобы получить возможность оставлять комментарии

Госсимволы

флаг и тп

 

 

ааа

фф

115492-preview-image.jpg

Программная статья Главы Государства "Взгляд в будущее: модернизация общественного сознания"