Жобаның түпкі ойы
«Болашақ энергиясы» жобасының түпкі ойы тұрақты қуат көздерін басқаруды қамтамасыз ететін шешімдер мен әдістерге қоғамдастық назарын аудару болып табылады.
Кешенді бағдарлама
ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесінің мәдени-ойын-сауықтық және спорттық іс-шараларының кешенді бағдарламасы
100 НАҚТЫ ҚАДАМ
БАРШАҒА АРНАЛҒАН ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ МЕМЛЕКЕТ
ОТКРОЙ ДЛЯ СЕБЯ КАЗАХСТАН С МОБИЛЬНЫМ ПРИЛОЖЕНИЕМ «КАЗАХСТАН - СТРАНА ВЕЛИКОЙ СТЕПИ»

Басқармада сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша 2016 жылы атқарылған іс-шаралар ақпараты

Басқармада сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша
2016 жылы атқарылған іс-шаралар ақпараты

 

Облыс әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі №234 қаулысымен Қазақстан Республикасының 2015 - 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015 - 2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын іске асыру аясында басқарманың ump-zhambyl.kz ресми сайтында Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» №410-V Заңы, Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы №986 Жарлығы және «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығы орналастырылған.

  Сонымен қоса, сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу мен жастар саясаты мәселелері шеңберінде азаматтардың өтініштері мен сұрақтарына тікелей жауап беретін басқарма басшысының арнайы блогы мен басқарманың «сенім телефоны» жұмыс істеп келеді.

  Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Жамбыл облысы бойынша департаментімен бірлесе қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша бірлескен жұмыстар жүргізудің 2016 жылға арналған салааралық іс-шаралар жоспары (бұдан әрі – Жоспар) бекітілген.

  Облыс әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасы тарапынан аталған жоспарға сәйкес, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» № 410-V Заңы мен «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 986 Жарлығын іске асыру мақсатында Тараз қаласындағы жоғары және орта арнаулы оқу орындары студенттерінің арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытында кездесулер өткізілуде.

  Атап айтқанда, 2016 жылдың 15 қаңтарында Жамбыл политехникалық колледжінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орайбасқарма басшысы Е.Құралбаевтың TEDх форматында «Кәсіби тиімді мемлекетке жаңа қазақстандық жол» тақырыбына студент жастар алдындағы лекциясы өткізілді.

  Кездесу барысында басқарма басшысы Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңының жастар үшін маңызы және Заңнан туындайтын міндеттер, «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының талаптары, шешімін тапқан әлеуметтік инфрақұрылымдар, жастарға арналған әлеуметтік қызметтер, жастардың өзін-өзі басқаруы және жастар ұйымдары турасындағы негізгі мәселелер жөнінде кеңінен түсіндіріп өтті.

  Ал, 2016 жылдың 30 наурызында №12 колледжде облыс әкімдігі жастар саясаты мәселелері басқармасы басшысының студент жастармен кездесуі өткізілді. Кездесу барысында басқарма басшысы Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңы, «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының» жастар үшін маңызы және Заңнан туындайтын міндеттер турасында студент жастарды хабардар етті.

  Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 1 маусымында Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінде облыс әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасы мен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Жамбыл облысы бойынша департаментімен бірлесе ұйымдастыруымен мемлекеттік қызметтің имиджін көтеру, жоғары оқу орнын бітіруші студенттердің мемлекеттік қызметке орналасу мүмкіндіктерін кеңінен түсіндіру мақсатында «Мемлекеттік қызметтегі жастардың рөлі» тақырыбына кездесу өткізілді.

  Шара барысында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Н.Еркебаев «Мемлекеттік қызметтегі жаңа реформалар мен перспективалар» тақырыбына баяндама жасап, жастарғамемлекеттік қызметке орналасу тәртібі, заңнаманы білуге арналған тестілеуден өту, мемлекеттік қызметтегі сынақ мерзімі, тәлімгерлік, мансаптық өсу турасында түсіндіріп өтті және облыстағы мемлекеттік қызметтегі бос орындарға тоқталды.

  Білім саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында облыс әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасы «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» Жастар қанатымен және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Жамбыл облысы бойынша департаментімен бірлесе отырып, Тараз қаласындағы жоғары және орта арнаулы оқу орындарында емтихан тапсыру кезеңімен орайластырып «Таза сессия» акциясын өткізді.

  Тараз мемлекеттік педагогикалық институтында өткен «Таза сессия» акциясы аясында студен жастарға бейне роликтер көрсетіліп, жоғары және орта арнаулы оқу орындарында студенттер мен оқытушылар арасында сыбайлыс жемқорлық деңгейін анықтау бойынша әлеуметтік сауалнамалар алынды. Осы акция М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті мен Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінде де өз жалғасын тапты.

  Аталмыш акция барысында емтихандарға әр оқу орындарынан бақылаушылар қатысып, емтихан тапсыру кезінде студенттерді қадағалап, бақылау актілері толтырылды.

  Жергілікті өңірлерде «Жастар ресурстық орталықтарының» ұйымдастыруымен жоғары және орта арнаулы оқу орындары студенттері мен мектеп оқушылары арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында арнайы мамандардың қатысуымен 50-ден аса кездесулер, «дөңгелек үстел» отырыстары мен жастар акциялары өткізілуде.

  Сыбайлас жемқорлық ұғымын және сыбайлас жемқорлықтың орын алу фактілері туралы түсіндірме ақпараттар мекемеде орналастырылған және «сенім телефонының», жеке және заңды тұлғалардың арыздары мен хаттарына арналған пошта жәшіктерінің оңтайлы жұмыс істеуі қамтамасыз етілген. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы қолданудың тиімділігін арттыру және оны жетілдіру бойынша арнайы мамандардың қатысуымен басқарма және облыстық «Жастар ресурстық орталығы» қызметкерлерімен кездесулер тұрақты өткізілуде.

  Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына кезекті Жолдауынан туындайтын міндеттерді түсіндіру мақсатында облыс елді мекендеріне шыққан «Жолдау қуаты – жастар ықыласы» атты ақпараттық автокеруені аясында облыс әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасы мен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Жамбыл облысы бойынша департаментінің қызметкерлері 2015 жылдың 23 қарашасында қабылданған «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет туралы» № 416-V Заңын, «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын» және «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін» жастарға, жас мемлекеттік қызметкерлерге кеңінен түсіндіріп өтті.

2016 жылдың 21 сәуірінде сыбайлас жемқорлықтың қоғамға тигізетін зардабы және оның алдын алу жолдарын түсіндіру, Қазақстан Республикасы құқықтық нормативтік актілерінің өзгерісі туралы мәлімет беру, мемлекеттік қызметшілерді қолданыстағы заңнама талаптарымен таныстыру мақсатында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Жамбыл облысы бойынша департаменті өкілінің қатысуымен семинар өткізілді. Семинар барысында «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының талаптары түсіндірілді.

  2016 жылдың 30 қыркүйегінде «Қазақстан-Тараз» телеарнасында «Ел ертеңі» бағдарламасында білім саласының қызметкерлері мен орта арнаулы оқу орындарының, университет оқытушылары мен студент жастардың және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Жамбыл облысы бойынша департаменті өкілінің қатысуымен бүгінгі таңдағы орта мектеп, жоғары, арнайы оқу орындарындағы оқытудың дәстүрлі және замануи әдіс-тәсілдерінің ерекшеліктерін ажырату, сапалы білім, саналы тәрбие беруде жаңа замануи әдістерді қолдану, жастардың білім саласында бәсекеге қабілетті болуын насихаттау мақсатында түсірілім жүргізілді.

  Сонымен қатар, 2016 жылдың 6 қыркүйегінде Жамбыл облысы әкімдігі персоналды басқару бөлімінің бас инспекторы А.Д.Кучербаеваның қатысуымен басқарма қызметкерлері үшін «Әдеп кодексі және әдеп жөніндегі уәкілдің ұжымда жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларына сәйкес келетін өзара қатынастар мәдениетін қалыптастырудағы рөлі» атты семинар-кеңес өткізілді.

  2016 жылдың 19 қазанында облыс әкімдігі жастар саясаты мәселелері басқармасының ұйымдастыруымен «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексін» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңын іске асыру мақсатында «Бізде бұл дертке орын жоқ!» тақырыбына құқықтық оқыту семинары өткізілді.

  Аталған іс-шараға облыс әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасы мен облыстық «Жастар ресурстық орталығының» қызметкерлері, үкіметтік емес жастар ұйымдарының көшбасшылары мен белсенді жастар қатысты.

  Оқыту семинары барысында облыс әкімі аппараты персоналды басқару бөлімінің бас инспекторы, облыс бойынша Әдеп жөніндегі уәкіл – А.Көшербаева «Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік Әдеп қағидаларын түсіндірсе, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Жамбыл облысы бойынша департаменті сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының бас маманы С.Әлібеков «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңының талаптары турасында сөз қозғады. Шара соңында жастарды жемқорлықсыз қоғам қалыптастыруға шақыру мақсатында бейнероликтер көрсетіліп, оның алдын алу жолдары талқыланды.

  2016 жылдың 30 қарашасында орта арнаулы оқу орындарындағы жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында облыс әкімдігі жастар саясаты мәселелері басқармасының ұйымдастыруымен Жамбыл политехникалық колледжінде «Жемқорлыққа жол бермейік» тақырыбына кездесу өткізілді.

  Кездесу барысында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Жамбыл облысы бойынша департаменті қызметкерлері тарапынан «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңының талаптарын түсіндіру мақсатында дәріс оқылып, оның алдын қалай алу жолдары туралы пікірлерімен бөлісіп, тұшымды жауаптар берілді.

2016 жылдың 15 желтоқсанында «Мемлекеттік қызметшілер мен оған теңестірілген қызметкерлердің сана сезімін жемқорлықтан алшақтату» тақырыбында Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Жамбыл облысы бойынша департаменті өкілінің қатысуымен семинар-тренинг өткізілді.

            Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Жамбыл облысы бойынша департаменті өкілінің қатысуымен өткен жастар арасындағы Жайдарман (КТК) ойындары аясында сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік көзқарасын қалыптастыру мақсатында ойындар өткізілді.

  Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Жамбыл облысы бойынша департаментімен бірлесе отырып салааралық жоспарға сәйкес Мемлекеттік орган басшыларының қызметтік автокөліктерін уақыттан тыс немесе жеке қажеттілігіне пайдалануды анықтау бойынша рейдтер жүргізілді.

  Бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар: ағымдағы кезеңге дейін облыстық «Арай» газетінде «Таза сессия – қандай сессия» (№4 (536), 21.01.2016 ж.), облыстық «Ақ жол» газетінде «Жаңа заманға лайық өзгерістер керек» (№15 (18209), 06.02.2016 ж.), Сарысу аудандық «Сарысу» газетінде «Жемқорлық және заң» (№6 (7752) 20.01.2016 ж.), Жуалы аудандық «Жаңа өмір – Новая жизнь» газетінде №33 (8588), 29.03.2016 ж.), «Семинар-кеңес өткізілді»,«Шұғыла-Радуга» газетінде (30.04.2016 ж., №33 (5535) «Жемқорлықтың алдын алу - басты міндет», Байзақ аудандық «Ауыл жаңалығы – Сельская новь» газетінде «Сыбайлас жемқорлық індет» (№51 (8606)17.05.2016 ж.), облыстық «Арай» газетінде (19.05.2016 ж. №21 (553) «Болашақ дәрігерлер жемқорлыққа қарсы», Жамбыл аудандық «Шұғыла-Радуга» газетінде (10.09.2016 ж. №74 (5576)) «Ел ертеңі-жастар» атты мақалалары жарық көрді.

  2016 жылы басқарма тарапынан мемлекеттік сатып алу туралы шарт шеңберіндегі міндеттерді мерзімінде орындамау деректері орын алған жағдайлар, өнім берушілерді мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар деп тану және мемлекеттік сатып алу туралы күшіне енген келісімшарттарды заңсыз деп тану туралы, тұрақсыздық айыппұлын өндіріп алу бойынша сот органдарына жүгіну жағдайлары орын алған жоқ.

  Есептік кезең аралығында жеке және заңды тұлғалардың тарапынан басқарманың мемлекеттік қызметшілеріне қатысты заң бұзушылық туралы арыз-шағымдар түскен жоқ және сыбайлас жемқорлық сипатта құқық бұзушылық фактілері болған жоқ.

Авторизуйтесь, чтобы получить возможность оставлять комментарии

Госсимволы

флаг и тп

 

 

ааа

фф

115492-preview-image.jpg

Программная статья Главы Государства "Взгляд в будущее: модернизация общественного сознания"